Олимпиада чемпионы Михаил Шайдоров елге оралды

130

Отандастарымызды туған-туыстары, достары және жанкүйерлері елордадағы әуежайдан қошеметпен қарсы алды.

Олимпиада чемпионы Михаил Шайдоров елге оралды   Фото: Tengrinews.kz/ Маржан Куандыкова

Әлемдік додада көк туымызды желбіреткен отандасымыз Михаил Шайдоров пен аталмыш спорттық бәсекеде жоғары нәтиже көрсеткен Софья Самоделкина Қазақстанға келді, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Өз кезегінде Ұлттық Олимпиада комитетінің төрағасы Геннадий Головкин Олимпиада чемпионына ризашылығын білдіріп, ел мерейін асқақтатқан спортшыға құрмет көрсету керек екенін атап өтті. 

– Біздің елімізде де мәнерлеп сырғанаудан Олимпиада чемпионы бар. Осындай чемпионымызбен мақтанамыз, – деді Головкин.

Салтанатты іс-шарада Шайдоров, Самоделкина және олардың жаттықтырушыларына пәтер кілттері табысталды. 

Көк туымызды көкте желбіреткен Михаил Шайдоров қысқы Олимпиадада тақым қысып, тілеулес болған отандастарына ризашылығын жеткізді. 

– Мен барша жанкүйерге қолдау көрсеткендері үшін алғысымды білдіремін және еліміздің атын әлемдік аренада таныту үшін қолымнан келгеннің бәрін жасауға дайынмын, – деді Олимпиада чемпионы.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу