"Олимпиада күнінде туған": Қазақстанда 1000-нан астам нәрестеге сыйлық табысталды

135

Cыйлықтар жыл сайын еліміздің түкпір-түкпіріндегі отбасыларға табысталып келеді.  

"Олимпиада күнінде туған": Қазақстанда 1000-нан астам нәрестеге сыйлық табысталды Фото: olympic.kz

Қазақстанда Халықаралық Олимпиада күніне орай ұйымдастырылған дәстүрлі "Олимпиада күнінде туған" акциясы аяқталды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Қазақстан Ұлттық Олимпиадалық комитетінің бастамасы алтыншы жыл қатарынан өткізіліп келеді және осы уақыт ішінде елдегі олимпиадалық қозғалыстың ең танымал әлеуметтік жобаларының біріне айналды.

Жобаның негізгі мақсаты – жаңа ұрпақ пен олимпиадалық құндылықтардың арасындағы байланысты көрсету, сондай-ақ бала өмірінің алғашқы күндерінен бастап денсаулық, спорт және отбасы құндылықтарына назар аудару.

Дәстүр бойынша 23 маусым күні дүниеге келген әрбір сәби құттықтау хаты мен "Olympian is born" жазуы бар арнайы киім жиынтығын алады.

Биыл акция Қазақстанның барлық өңірін қамтып, 23 маусымның алғашқы минуттарынан басталды. Оған 234 медициналық мекеме қатысты. Олардың қатарында барлық облыстардағы, сондай-ақ Астана, Алматы және Шымкент қалаларындағы перзентханалар бар. Нәтижесінде осы күні дүниеге келген 1000-нан астам нәрестеге құттықтау сыйлықтары табысталды.

Айта кетейік, жоба ЮНИСЕФ-пен бірлесіп, Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі мен "Қазпошта" АҚ қолдауымен жүзеге асырылуда. Акция алғаш рет 2020 жылы өткізілген болатын.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу