Олимпиада жүлдегерлері қанша сыйақы алады?

520

Бокс федерациясы 2024 жылы Парижде өтетін Олимпиададағы нәтижеге байланысты Қазақстан құрамасының былғары қолғап шеберлеріне берілетін сыйақы мөлшерін жариялады. 

Олимпиада жүлдегерлері қанша сыйақы алады? Фото: sportilinet

Қазақстан бокс федерациясы Париж Олимпиадасына жолдама алған боксшылар мен олардың бапкерлеріне жиын ұйымдастырды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Италияда өткен Әлемдік іріктеу турнирінде лицензия жеңіп алған боксшылар мен Ұлттық құраманың бапкерлер алқасы қаржылай сыйлықтармен марапатталды. Боксшыларға 20 000 АҚШ долларынан табысталса, бас бапкер Мырзағали Айтжановқа 10 000 доллар берілді. Бұдан бөлек, Ұлттық құрамамыздың жаттықтырушылары да сыйақыға ие болды.

Сонымен қатар, жиында Париж Олимпиадасында жоғары нәтиже көрсеткен боксшыларға Қазақстан бокс федерациясы тарапынан берілетін сыйақы мөлшері де жарияланды:

1-орын: 220 000 $
2-орын: 120 000 $
3-орын: 70 000 $
4-орын: 30 000 $

5-орын: 10 000 $

Ал бас бапкер мен жаттықтырушылар алқасы орын алған боксшы сыйақысының 30 пайызына пара-пар қаржылай сыйақы алады.

Айта кетейік, әзірге ел қоржынында барлығы жеті лицензия бар. Оның бесеуін боксшыларымыз Италияда өткен іріктеу турнирінде, ал қалған екеуін 2023 жылғы Азия ойындарында Қамшыбек Қоңқабаев (92 келіден жоғары) пен Карина Ибрагимова (57-ге дейін) жеңіп алды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу