Ағайынды Сабырхандардың жеке бапкері бұл туралы спорт журналисі Аслан Қаженовке айтып берді, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.
– Қаншама еңбектің арқасында 2 шәкіртім бірдей әлем чемпионы атанып жатыр. Онымен қоса, Қазақстан ерлер ұлттық құрамасы 4 алтын алды. Бұған да қатты қуандық. Жауапкершілік өте ауыр. Шетелде қазақ елінің намысын қорғайтындықтан, үлкен жауапкершілікті сезінесің. Әрине, екі боксшыны алып жүру оңай емес. Мақсатымыз – Олимпиада ойындарына қатысу, тура осы жетістікті қайталау. Елімізді әлі де танытуымыз керек, – деді Ілияс Оралбеков.
Бұған дейін ағайынды Махмұд және Төрехан Сабырхандардың анасы Меңтай Әсілова да "Ұлдарымның Олимпиада чемпионы болуын тілеймін" деп сұхбат берген еді.