Илья Мизерных іріктеу кезеңінде көпшілікті таңғалдырып, ТОП-10-ға кірді, деп жазады inbusiness.kz сайты.
2024 жылғы жасөспірімдер арасындағы Канвон Олимпиадасының чемпионы Илья Мизерных іріктеу кезеңінде ең ұзақ 140,5 метрге дейін секірді.
Жүлдегерлер:
- 1-орын. Домен Превц (Словения) – 301.8 ұпай
- 2-орын. Рен Никайдо (Жапония) – 295.0 ұпай
- 3-орын. Кацпер Томасяк (Польша) – 291.2 ұпай
- 8-орын. Илья Мизерных – 281.6 ұпай
- 27-орын. Данил Васильев – 235.9 ұпай
Илья Мизерных жарыс барысында Олимпиада чемпионы Филипп Рейменд (Германия), Йоханн Андре Форфанг (Норвегия), Андреас Веллингер (Германия) сынды фавориттерден озып кетті.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу