Италиядағы қысқы Олимпиадада әйелдер арасында командалық спринттің іріктеу кезеңінде жанкүйерлер күтпеген көрініске куә болды. Спортшылар мәре сызығына шыққанда, трассада ірі сұр ит пайда болып, қатысушылардың бірінің соңынан жүгірген. Ол тіпті қозғалыстағы камераларды да қуалаған.
Алғашында көпшілік оны қасқыр деп ойлаған. Алайда кейін бұл хаски тұқымды ит екені анықталды.
Оқиға 18 ақпанда Вальтеллинада орын алды. Аргентиналық шаңғышы Нахьяра Диас Гонсалес жарысты аяқтап келе жатқанда, мәре тұсында оның артынан жануар көрінген. Ит жанкүйерлердің айқайына да, диктордың хабарландыруына да назар аудармаған.
Мәре сызығын кесіп өткен соң, ит спортшыларға емін-еркін жақындап, жарыстан кейін қарсыластарын құттықтап тұрғандай әсер қалдырды. Ұйымдастырушылар дереу әрекет етіп, қызметкерлер "бұзақыны" ұстап, жарыс жолынан алып кеткен.
Куәгерлердің айтуынша, жануар сабырлы болып, ешқандай агрессия танытпаған. Ал, хаскидің жоғалып кеткеніне алаңдаған иесі полицияға жүгінгені де белгілі болды.