Олжас Абраев: Жоспарымыздың көбісі орындалған жоқ

1578

Қазақстан кәсіпқой футбол лигасының басшысы Олжас Абраев өткен маусымның жалпы қорытындыларын шығарып, алдағы уақытқа арналған жоспарларымен бөлісті.

Олжас Абраев: Жоспарымыздың көбісі орындалған жоқ

- Қазақстан футболы тарихындағы ерекше маусым аяқталды. ҚКФЛ өзінің атқарған жұмыстарын қалай қорытындылайды?

- Маусымның нәтижесін бағалау қиын. Өйткені жоспарымыздың барлығы орындалған жоқ. Өкінішке орай, жанкүйерлерді трибунаға шектеулі мөлшерде кіргізу туралы келісімге келе алмадық. Сондықтан, бір жағынан маусым уақытында аяқталды. Екінші жағынан, кейбір іске асырылмаған жоспарлар да болды.

- Матчтардың бір локацияда өткізілу форматы туралы егжей-тегжейлі айтып берсеңіз. Қазақстандық футбол үшін бұл жаңа тәжірибе болды. Алматылық "Қайрат" клубының оңтүстік астанада ойын өткізу туралы қандай ұсынысы болды?

- Маусым тек ойыншылар үшін ғана емес, жалпы алғанда барлығы үшін өте қиын болды. Маусым тоқтатылғаннан кейін жоспарда бірнеше нұсқа болды. Бірақ, өкінішке орай, эпидемиологиялық жағдайға қатысты жоспарымыз орындалмады.

"Қайрат" футбол клубынан ҚКФЛ әкімшілігіне чемпионаттың қалған барлық матчтарын Алматы қаласында өткізу нұсқасын қарастыру туралы жазбаша ұсыныс түсті. Біз өз тарапымыздан бұл хатты бірден чемпионатқа қатысатын барлық клубтарға жібердік. Лиганың кез-келген мүшесі идеялар мен жобалар ұсынған кезде де біз барлық клубтарға дәл солай хабарлама жібереміз. Сонымен қатар, командаларды орналастыруға және матчтарды өткізуге болатын басқа жерлерді қарастырдық. Бірақ, спорттық инфрақұрылымға сәйкес Алматы-Талғар нұсқасы оңтайлы болып шықты.

Соңғы шешім қабылдау үшін біз бірнеше рет клубтармен талқылайтынымызды атап өткім келеді. Көптеген клубтардың келісімінсіз бір жерде матчтар ойналмайды. Матчқа әсер ететін басты факторлардың бірі жанкүйерлер болғандықтан, трибунадағы қолдау өте маңызды. Бірақ, өкінішке орай, бұған тыйым салынды. Екінші мәселе, клубтардың бір жерге дайындалуға уақыты аз болды. Әрбір сұрақ чемпионатқа қатысушылармен егжей-тегжейлі талқыланды.

Мен "Орталық" стадионды, "Жас Қыран" футбол орталығын, Талғардағы ұлттық құрамалар базасын және академияны ерекше атап өткім келеді. Тимур Сегізбаев атындағы академия жедел жауап беріп, бірыңғай жобаның іске асуына және барлық санитарлық талаптарға сай болуы үшін бәрін жасады.

Ештеңеге қарамай, стадион қызметкерлері күнделікті жұмыс орнына барып, футбол матчтарының өте тығыз кестесіне қарамастан жақсы жұмыс жасады. Күш-жігеріміздің арқасында біз Чемпионатты өткіздік.

Сонымен қатар қайта бастау туралы келіссөздерге Әділбек Рыскелдіұлының тікелей қатысуынсыз чемпионат қайта жалғаспаған болар еді.

2020-жылы өткен жарысқа барлығы - клубтар да, футболшылар да, мемлекеттік мекемелер де өз үлестерін қосты. Алматы қаласының әкімдігімен өте үлкен жұмыс жүргізілді. Бірақ стадиондар мен арена жұмысшылары матч өтетін күндері өздеріне қосымша жүктеме алды. Бұл үшін мен оларға тағы да алғыс айтқым келеді. 

- Маусымдағы кідірістерді қандай да бір жолмен қысқартуға мүмкіндігіңіз болды ма?

- Бізде маусымды барынша ертерек қайта бастауға деген үлкен ниет болды. Бірақ Қазақстандағы пандемияға қатысты жағдайдың өршуі бұған мүмкіндік бермеді. Тыйым салғанға қарамастан ойнау керек еді деген  пікірді жиі естимін. Кез-келген жоспар құрған кезде біз, ең алдымен, ойыншылардың  басқалар сияқты адам екендігін және олардың да ауырып қалуы мүмкін екендігін ескердік.

- Күзде Қазақстанда спорттық шараларды өткізуге рұқсат берілді. Бір локацияда ойнау форматынан бас тартып, чемпионатты стандартты "үйде-сырт алаңда" схемасы бойынша аяқтауға мүмкіндік болды ма?

- Қалған матчтардың көптігін ескере отырып, біз командаларға қаладан қалаға ұшуға және сапардан кейін ойыншылардың қайта бабына келуіне уақыт бере алмадық. Бұл өте маңызды. Өйткені қоныс аудару командаларға әсер етеді. Сұхбаттың барлығында дерлік Қазақстаннан шыққан шетелдік ойыншылар ішкі біріншіліктерде бұрын білмеген рейстердің ұзақтығы оларға қатты әсер еткенін айтады. Шындығында, орналасудың жиі өзгеруі физикалық және эмоционалды жағдайға да әсер етеді. Сонымен қатар, бізде маусымды күнтізбелік жылы аяқтау міндеті тұрды. Сондықтан клубтар үшін ең жақсы нұсқа ойыннан соң үшінші-төртінші күннен кейін бір жерде ойнау болды.

- ҚКФЛ-дың ресми сайтында 2021-жылы Суперкубок матчының болмайтынын хабарлады. Бұл кубоктың тағдыры не болмақ?

- Біз клубтармен Суперкубок матчын коммерциялық тұрғыдан қызығушылық тудыратындай және тиімді ету нұсқасын талқылаймыз. Оның мәртебесін жақсартып, қызықтырғымыз келеді. Мүмкін тіпті шағын турнир ұйымдастырылуы мүмкін. Сонымен қатар, осы мәселе бойынша демеушілермен келіссөздер жүргізілуде. Бұл идеяның жүзеге асырылуы туралы міндетті түрде хабарлаймыз.

- 2020 жылғы Қазақстан футболы үшін жақсы жаңалықтардың бірі - QAZSPORT телеарнасының эфирінен чемпионаттың барлық дерлік матчтарының көрсетілуі болды. Менің ойымша, бұл біздің футбол тарихында бірінші рет болды.

- Иә, дәл солай. Отандық теледидар мен футбол тарихында бірінші рет матчтардың 90 пайызы  көпшілікке қол жетімді республикалық телеарнадан тікелей эфирде көрсетілді. Чемпионат матчтарын біздің еліміздің ең шалғай ауылдарында да тамашалағанын білемін. Тікелей эфирлердің осыншама көлемі федерация мен "OLIMPBET" серіктесіміздің қолдауының арқасында көрсетілді.

Ұлттық хабар таратушы арнаның барлық матчтарды толықтай көрсетуге техникалық мүмкіндігі жоқ. Сондықтан серіктестің қолдауымен ҚКФЛ өзі кәсіби жабдықты пайдалана отырып, "QAZSPORT" телеарнасында көрсетілген матчтардың жартысынан көбін түсірді. Біз ҚКФЛ-TV жобасы жұмыс істеген жылдар ішінде спорттық хабар таратуда айтарлықтай тәжірибе жинақтадық және 2020 жылы интернеттен телевизиялық хабар таратуға ауыстырдық. Матчтарды жеке бақылай алмаған жанкүйерлерге хабарларды барынша қолжетімді ету біздің міндетіміз деп санаймыз.

Ермұхамед Мәулен

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу