Олжас Бектенов халықтың табысы өскен салаларды атады

140

Атқарушы билік жекелеген салаларда оң динамика бар деп отыр. 

Олжас Бектенов халықтың табысы өскен салаларды атады Фото: Үкімет

Үкімет жақын арада инфляцияны 10%-дан төмен түсіруді жоспарлап отыр. Бұл туралы Парламент палаталарының бірлескен отырысында Премьер-министр Олжас Бектенов айтты, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

"Өткен жылы қыркүйек айында инфляция 12,9%-ға жетті. Қазір Үкімет, Ұлттық банк және басқа да мүдделі құрылымдар қабылдап жатқан шаралардың нәтижесінде осы жылдың бес айында инфляция көрсеткіші 10,4%-ға дейін төмендеді. Біз қабылдаған шаралардың қорытындысы бойынша жақын арада инфляцияны 10%-дан төмен түсіруді жоспарлап отырмыз", – деді Олжас Бектенов.

Оның айтуынша, өткен жылы инфляциялық процестер халықтың табыс деңгейіне әсер еткен.

"Халықтың табысы өскен бірқатар салалар бар. Мысалы, ауыл шаруашылығында ауылдағы жұмысшылардың нақты табысы 9,3%-ға өсті. Сауда, байланыс, сумен жабдықтау, энергетика сияқты салаларда кірістер бағытына байланысты орта есеппен 4%-ға өсті, көлік саласында бұл көрсеткіш 5-тен 10%-ға дейін артты. Жекелеген салаларда оң динамика бар. Біз халықтың нақты табысының көрсеткіштері экономиканың бүкіл салаларында өсуі үшін барлық шараларды қабылдайтын боламыз", — деп атап өтті Үкімет басшысы.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу