Олжас Бектенов МӘМС жүйесін реформалайтынын айтты

5142

Саланы қаржыландыру ұлғайтылмайды.

Олжас Бектенов МӘМС жүйесін реформалайтынын айтты Фото: primeminister.kz

Премьер-Министр Олжас Бектенов Президент тапсырмаларын іске асыруға арналған кеңесте құрылыс құнын қолдан өсіру фактілеріне тексеру жасалатынын айтты, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

"Барлық сметалық құжаттарға қазақстандық құрылыс материалдары мен басқа да заттар енгізілуге тиіс. Сондай-ақ сметалық құжаттамаларға материалдар мен жұмыстардың құнын орынсыз жоғарылатып жіберуге қатысты тексеру жүргізіңіздер. Сметалардың құны көтеріліп кететіні баршаға мәлім. Бұл мәселеде де тәртіп орнату керек", - деді Олжас Бектенов.

Үкімет басшысы өнеркәсіп кәсіпорындарын энергиямен сенімді түрде қамтамасыз етудің маңызды екенін атап өтті. Биыл 700 МВт-тан астам қосымша генерацияны іске қосу қажет екені де айтылды. Олжас Бектенов тапсырма орындалмаған жағдайда тиісті қорытындылар жасалатынын ескертті.

Сондай-ақ, ол МӘМС жүйесін реформалау қалай іске асу керектігін айтты.

"МӘМС жүйесі елеулі қайта форматтауды қажет етеді деп санаймын. Қаражатты тиімсіз жұмсау мен артық жалған тіркеулер бола тұра оны қаржыландыруды ұлғайтуға жол берілмейді. Сала толық цифрландыру мен ашықтықты талап етеді", — деді Премьер-Министр.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу