Олжас Бектенов: Шаруалар несие алу үшін қағаз құжат тапсырып жүр

Премьер-министрдің сөзінше, тез арада диқандарды цифрлық технологияларды қолдануға ынталандыру қажет. 

Олжас Бектенов: Шаруалар несие алу үшін қағаз құжат тапсырып жүр Фото: Үкімет

Үкімет басшысы Олжас Бектенов сол кезде цифрландыру су ресурстарын да оңтайлы басқаруға мүмкіндік беретінін айтты, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты. 

Ол мүдделі мемлекеттік органдарға отандық технологиялық шешімдер мен стартаптарды осы жұмыстарға тартуды қатаң тапсырып отыр. 

– Шаруалар осы уақытқа дейін несие алу үшін қажетті анықтамаларды қағаз түрінде тапсыруға мәжбүр. Бұл – өте қолайсыз әрі тым ұзақ. Ауыл шаруашылығы министрлігіне Цифрлық даму министрлігімен және "Бәйтерек" холдингімен бірлесіп, диқандарға тиімді әрі ашық мемлекеттік қолдау көрсету үшін жеңілдетілген несие берудің техникалық рәсімін оңайлатып, оны цифрлық форматқа ауыстыруды тапсырамын, – деді Олжас Бектенов Үкімет отырысында.

Сонымен қатар, Су ресурстары министрлігі вегетациялық кезеңде фермерлерді егінге қажетті сумен үздіксіз қамтамасыз ету шараларын қабылдауы тиіс. 

– Диқандарды тамшылатып және жаңбырлатып суару жүйесіне көшуге ынталандырып, су үнемдеу технологияларын енгізу жұмыстарын күшейту керек. Солтүстік және шығыс өңірлердің әкімдіктері қар тоқтату және су қорын жинау шараларын жүргізуі қажет. Экология министрлігі егін егу мерзімдерін алдын ала жоспарлап, күн райының өзгеруіне байланысты жедел әрекет ету үшін диқандарға метеорологиялық болжамдарды уақытылы беріп отыруға керек, – деді Премьер-министр.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу