Омар Мұстафин: GASENERGY ЖҚК – бүгін және болашақтағы мобильдік орталықтары

3117

Жақында GASENERGY ЖҚК желісі Қазақстан футбол құрамасының бас бапкері Магомед Адиевпен ынтымақтастық туралы келісім жасағаны белгілі болды. Оның басшылығымен біздің команда 2024 жылғы Еуропа чемпионатының іріктеу турнирінде үшінші орынға ие болғанын білесіздер. Қазақстандықтардың келесі қарсыласы наурыз айында Греция құрамасы болады. GASENERGY ЖҚК желісінің операциялық директоры Мұстафин Омар "Атамекен бизнес" телеарнасындағы "Сұхбат" бағдарламасында осы және басқа да қызықты жайттар туралы айтып берді.

Омар Мұстафин: GASENERGY ЖҚК – бүгін және болашақтағы мобильдік орталықтары Фото: GASENERGY ЖҚК

- GASENERGY ЖҚК желісі Қазақстан футбол құрамасының бас бапкері Магомед Адиевпен ынтымақтастық туралы келісім жасағаны туралы білдік. Сол ынтымақтастық туралы толығырақ айтып берсеңіз.

- Сіз бірден өте жағымды мәселеден бастадыңыз, рахмет. Біз спортты дамытуға ұзақ уақыт көңіл бөліп келеміз. "Астана" және "Шахтер Қарағанды" футбол клубтарының, сондай-ақ "Барыс" хоккей клубының серіктесіміз. Біз ұлттық құраманың Адиев мырзаның басшылығымен нағыз жауынгер рухын көрсетіп жатқанына қуаныштымыз.

Бірақ біздің Адиев мырзамен ынтымақтастығымыз басқа аспектілерге негізделетін болады. Біз қашаннан "Аяла" қайырымдылық қорын қолдаймыз және өзімізді әлеуметтік жауапты компания деп санаймыз. Адиев мырза да қайырымдылық бастамаларға көп көңіл бөледі, біз үшін бұл өте маңызды. "Аяла" қоры арқылы бүкіл Қазақстан бойынша шала туылған нәрестелерді қолдау аясында Адиев мырзамен бірлесіп ұйымдастырылған бірқатар қайырымдылық іс-шаралар жоспарлануда. Осылайша, біздің ынтымақтастығымыз осы бағытта жүзеге асырылатын болады. Осы мүмкіндікті пайдаланып, Адиев мырзаға және біздің бүкіл құрамаға зор табыс пен жауынгер рухын сақтауды тілеймін.

- Иә, біздің құрамаға сәттілік тілейміз, көктемде Греция құрамасымен матч өтеді, Қазақстан Еуроға өтеді деп үміттенеміз.

- Мен бұған сенімдімін!

- Біз де сенімді боламыз! Сіздердің жаңа Youtube арна туралы да сөйлескіміз келеді. GASENERGY ЖҚК желісі Youtube арнасын қосты, онда не түсіріп жатқандарыңызды, спикерлерді қалай таңдайтындарыңызды және халық үшін не ұсынатындарыңызды білгіміз келеді.

- Бізде әлеуметтік желілер арқылы клиенттермен өзара әрекеттесудің сәтті тәжірибесі қалыптасты деп айта аламын. Басынан бастап біз Instagram-ды негізгі платформа ретінде таңдадық, қазір 70 000-нан астам жазылушымыз бар. Біз аудиториямен үнемі диалог жүргізіп отырамыз. Жақында жол қозғалысы ережелеріне қатысты бірқатар ойындар бастадық. Ондағы мақсатымыз - клиенттерімізді, автокөлік жүргізушілерін жол қозғалысы ережелерін білу арқылы жол қауіпсіздігіне ынталандыру. Бізді YouTube арнасын құруға шабыттандырған да осы болды. Менің ойымызша, өте сәтті дамып келеді. Арнада біз жүргізушілерге жол қауіпсіздігі туралы барынша көп ақпарат беруге, әртүрлі ауа-райында автокөліктердің техникалық ерекшеліктерін түсіндіруге, сондай-ақ жанармай түрлерін және қозғалтқышқа дұрыс емес жанармай түссе, не істеу керектігін білуге назар аудардық. Біз әртүрлі спикерлерді шақырамыз, ал арнадағы материалдарды беру форматы қысқа, қарапайым және түсінікті. Біздің басты басымдығымыз - пайдалы білім алу арқылы тұтынушыларымыздың хабардарлығын дамыту және біз көрермендер тарапынан қолдау тапқанын көріп отырмыз.

- Шынында да, белгілі бір көлікке қандай отын сәйкес келетіні туралы білім немесе жол ережелері туралы хабардар болу маңызды рөл атқарады, әсіресе ақпарат қол жетімді форматта ұсынылған кезде. Жанармай туралы айтатын болсақ, жақын арада жаңа өнім болады екен. Оның артықшылықтары туралы да айтып берсеңіз.

- Біз бұл жобаны іске қосудамыз. Белгілі бір қоспаларды қолдана отырып, брендтелген отын түрлері жиі қолданылатын әлемдік тәжірибені ескереміз. Біз француз, неміс және американдық қоспалар өндірушілерінің тәжірибесін зерттедік және өзіміз үшін Германиядан - mianox компаниясын таңдадық. Оның Еуразиялық қоғамдастық шеңберінде алған өндіруші сертификаттарын негізге алдық. Біз өз клиенттерімізге ұсынатын қоспаның сапасына көз жеткізу үшін сынақтарға өзіміз қатысып, өз көзімізбен көрдік. Біздің Tarlan деп аталатын қоспамыз үнемділікті 4%-ға және зиянды заттардың шығарындыларын 10%-ға төмендетеді деп отырмыз. Біз кез келген жағдайда тазалық пен сенімділіктің символы болып саналатын батыр Ер Тарғын мен оның тұлпары Тарлан туралы аңыздан шабыттанған табысты маркетингтік тұжырымдама әзірледік. Өз клиенттеріміз бен олардың көліктері арасындағы ұқсастықтарды көреміз, сондықтан оларға TARLAN брендімен брендтік отын ұсынамыз.

- Көңілге қонымды. Шынында да, өте керемет ұсыныс, өйткені ол біріншіден экологиялық таза, екіншіден үнемді.

- Бізде көлік жүрісін және мотор сипаттамасын жақсартатын көптеген көрсеткіштер бар. Біздің қоспамыз қозғалтқыштың тозуын айтарлықтай азайтады және оның қасиеттерін көптеген жолдармен жақсартады. Бірақ ең бастысы, жоғарыда айтылғандай, үнемділік пен тұрақтылық.

- Менің білуімше, сіздердің ЖҚК желісі Астанада АИ-100 бензині сияқты отынды ұсынады. Бұл бензин туралы толығырақ айтып берсеңіз.

- Бұл - аясы өте тар сегмент, біз отынның осы түріне сұраныс бар екеніне қуаныштымыз. Бұл - шын мәнінде Астанада ұсынылған бірегей өнім. Біздің ЖҚК өз желісінде осындай өнімді ұсынуы керек деп санаймыз. Ол мотоспорт әуесқойлары, қарда жүретін көліктер сияқты қысқы спорт әуесқойлары, сондай-ақ көліктері чип тюнингінен өткен көлік иелері арасында танымал.

- Яғни, сіздерде жарысты жақсы көретін клиенттер бар ғой?

- Иә, дәл солай. Бұл - автомотоспорт әуесқойлары. Мен олардың жауапты адамдар екеніне сенімдімін және олар арнайы орындарда ғана жарысады. Біз өз клиенттеріміздің бізден жанармай құйып алып, қала бойынша жарыс ұйымдастырғанын ешқашан естіген емеспіз.

Бұл сегмент қызықты және мен AИ-100 авто/мото спортының танымалдылығының артуымен барған сайын сұранысқа ие отын түрі болатынына сенімдімін.

- Солай болады деп үміттенеміз. Электрокөліктермен жұмыс туралы көбірек білсек. Қазір адамдар біртіндеп электрокөлікті таңдап жатыр, сіздердің компания электрмен қуаттайтын станциялар да салып жатқанын білемін. Олардың қаншасы салынды, олардың артықшылығы неде және сіздер нақты не ұсынып отырсыздар?

- Иә, біз де нарықта электрокөліктерге сұраныстың артып келе жатқанын көріп отырмыз және, әрине, біз компания ретінде бұл трендті айналып өте алмадық. Біздің ұстанымымыз - мұнай өнімдерін бөлшек саудада сатумен шектелмеу. Біз ЖҚК-ін бүгін және болашақтағы мобильдік орталықтары ретінде көреміз. Автокөлік әуесқойлары қандай отын немесе энергияны пайдаланса да, біз әрқашан оларға қажет нәрсені қамтамасыз етеміз. 2023 жылы біз ЖҚК-де 19 электрмен қуаттау кешенін іске қостық және ағымдағы 2024 жылы Қазақстан бойынша тағы 15 кешенді қосуды жоспарлап отырмыз. Автокөлік жүргізушілерінің көпшілігі өз электрокөліктерін үйде қуаттайды деп болжаймыз, ал қаладағы жанармай құю станциялары қысқа мерзімді қайта қуаттау үшін пайдаланылады. Сондықтан қалада біздің станциялар 80 кВт/сағ қуаттылықпен жабдықталған, бұл өте жоғары, бірақ трассаларда біз ұзақ қашықтыққа жылдам және қауіпсіз қуаттауды қамтамасыз ету үшін 160 кВт/сағ станциялармен қамтамасыз етеміз.

- ЖҚК - бұл жанармай құю кешендерінің желісі ғана емес, клиенттер өз көліктерін толтырып қана қоймай, жолда демалуға, тамақ ішуге және т.б. мүмкін болатын тағы бір аспектіні талқылайық. Сіздердің ЖҚК желісі клиенттерге жолға шығарда қажет тауарлардың, фаст-фуд өнімдерінің, соның ішінде өз өндірісіндегі кондитерлік өнімдердің кең таңдауын ұсынады және қазір, менің білуімше, ол "халал" сертификатын алды. Осы туралы толығырақ айта аласыз ба және осы бағытта кіммен жұмыс істейсіздер?

- Сіз біздің объектілердің моблильдік орталықтарына айналатынын дұрыс байқадыңыз. Тұтынушылар қандай отын немесе энергияны пайдаланса да, біз үшін оларға демалуға және тамақтануға орын ұсыну маңызды. Біз сусындар мен тағамдардың сапасына, қызмет көрсету мен тазалыққа ерекше назар аударамыз. Сондай-ақ Қазақстанда "халал" сертификатына қосымша сапа белгісі ретінде қызығушылықтың артып келе жатқанын білесіздер. Сондықтан біз біраз уақыт бойы кешендеріміз үшін қызмет көрсетіп келген ресейлік өнім жеткізушіні ауыстыру үшін лайықты компания іздедік. Олардың өнімдерінің сапасына көз жеткізу үшін 10-нан астам жергілікті өндірушілер арасында мұқият таңдау жасадық. Біз "Халал" стандарттарына сәйкес келетін қазақстандық өндіруші таптық деп сеніммен айта аламын. Бұған клиенттеріміз тиісті сертификаттарды қарап, көз жеткізе алады.

- Яғни, өз ЖҚК-де өнімді сатумен қатар, сіз отандық кәсіпкерді де қолдайсыз. Солай ғой?

- Ия, әрине, бұл - біз үшін маңызды. Қазіргі уақытта геосаяси жағдай бізді өндіруші мен логистика неғұрлым жақын болса, соғұрлым қауіпсіз және бәріне жақсы болатынына назар аударуға мәжбүр етеді. Бұл әрдайым арзан болмауы мүмкін, бірақ бәрібір сенімді және ыңғайлы.

- Қорытындылай келе, ЖҚК қалай десек те, қауіп факторы бар орын екені белгілі, сіздер өз жанармай құю кешендеріңізде клиенттерге тыныш және қауіпсіз болуы үшін қалай қолдау көрсетесіздер және қалай жағдай жасайсыздар?

- Орынды сұрақ. Біз сапалы сервисті қамтамасыз етуге ғана емес, сонымен қатар клиенттеріміздің қауіпсіздігін қамтамасыз етуге барымызды саламыз. Ол үшін жоспарлы алдын алу шараларына ерекше мән беріледі. Оқыс оқиғалардың алдын алуды жөн көреміз. Біз ЖҚК-дегі электротехникалық жабдықты үнемі бақылап отырамыз және құбырлар мен резервуарлардың тұтастығы мен калибрленуіне жылына екі рет тексерулер жүргіземіз. Біздің барлық жанармай құю техникасы еуропалық өндірісте және жанармай құю кезінде атмосфераға бу бензинінің шығуын болдырмайтын құрылғылармен жабдықталған. Алайда, біздің қауіпсіздікке деген алаңдаушылығымыз адами факторды да қамтиды. Біз өз клиенттеріміз бен қызметкерлерімізді бағалаймыз, сондықтан көп уақыт пен ресурстарды қызметкерлерімізді оқытуға арнаймыз. Үнемі тренингтер мен жаттығулар өткіземіз, соның ішінде техногендік оқиғаларды модельдеу бар. Жақсы дайындалған персонал мен қауіпсіздік жүйелерінің арқасында біздің ЖҚК қауіпсіз екеніне сенімдімін. Нақты факт: солтүстік аймақтарда электр жабдықтарының ақауларына байланысты қыста автокөліктердің өртенуі жиі кездеседі. Мұндай жағдайларда біздің қызметкерлер ЖҚК аумағында жедел өрт сөндіру арқылы жиі ауыр апаттардың алдын алып отырды.

- Егер қызметкер төтенше жағдайдың алдын алса, бұл өте жақсы, сондықтан ол барлық жерде болуы керек.

- Иә, бағалағаныңыз үшін рахмет.

- Сіз дұрыс айттыңыз, проблемалардың алдын алуға белсенді араласу, әдетте, олардың салдарымен күресуге қарағанда тиімдірек.

- Өте дұрыс. Жоспарлы профилактикалық іс-шараларды өткізу экономикалық жағынан тиімді ғана емес, сонымен қатар компанияның беделін сақтауға көмектеседі. Ең бастысы, жөндеу жұмыстарына байланысты ЖҚК жабылуына орай клиенттеріміз үшін қолайсыздықтарды болдырмау. Біз осындай жағдайлардың алдын алу үшін бар күшімізді саламыз.

- Сұхбат үшін рахмет, Омар Артурович. Бұл шынымен де қызықты әңгіме болды. Сіздердің компанияға тек табыс пен өркендеу, ал клиенттеріңізге амандық тілейміз.

- Сізге де үлкен рахмет, біз сізді клиенттер мен қонақтар ретінде күтеміз.

- Көп рахмет.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу