Өнеркәсіпті цифрландыруға шетелдік компаниялар да атсалысып жатыр

Бауыржан Мұқан Бауыржан Мұқан
4427

Honeywell корпорациясы Астанада өз бөлімшесін ашты.

Өнеркәсіпті цифрландыруға шетелдік компаниялар да атсалысып жатыр

Компания осыдан тура 20 жыл бұрын отандық нарыққа кіріп, бүгінге дейін екі бөлімшесі жұмыс істеп келген еді.

"Алматы мен Атыраудан кейінгі жаңа үшінші кеңсенің ашылуымен Honeywell цифрлық технологиялары Қазақстан Республикасының тапсырыс берушілері үшін қазіргіден де қолжетімдірек болмақ", – деп жазады компанияның баспасөз қызметі.

Жаңа кеңсенің ашылуы Honeywell мен Қазақстан ұйымдары арасындағы өнімділікті, тиімділікті және қауіпсіздікті арттыруды көздейтін Интернет негізіндегі сандық шешімдерді дамытуға бағытталған жаңа стратегиялық келісімдер мен әріптестік аясында жүзеге асырылып отыр.

Бүгін, Астана бөлімшесінің ашылуы қарсаңында Honeywell және "Инновациялық технологиялар паркі" дербес кластерлік қоры (TechGarden), қалалық және өнеркәсіптік даму саласындағы даму мүмкіндіктерін зерттеу мақсатында, ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды.

Сонымен қатар, компания мен Eurasian Resources Group (IRG) Қазақстанда, Бразилияда және Африканың бірқатар елдеріндегі ERG өндірістік алаңдарында тиімділікті арттыруды көздейтін инновациялық цифрлық технологияларды құруға ниет білдірді.

Қазақстанның газ-химиялық кәсіпорындары үшін құрал-жабдықтар жеткізу туралы Kazakh Invest-пен бірқатар келісімдерге және бірлескен білім беру бағдарламалары бойынша "Қазақстан-Британ техникалық университетімен" (ҚБТУ) де өзара келісімге келді.

Honeywell-дің Ресей/Кеден одағы елдеріндегі және Таяу Шығыс аймағындағы президенті Норм Гилсдорфтың айтуынша, Астанада жаңа кеңсенің ашылуы – Қазақстан нарығындағы компанияның орнын ілгерілетуде маңызды қадамы, ал жаңа келісімдер өңірдегі әріптестік қатынастарды нығайтудың негізі болып қалыптасмақ.

"Біз 20 жылдан астам уақыт бойы Қазақстанның өнеркәсіптік кәсіпорындарын олардың өсуіне ықпал ететін технологиялармен қолдап келеміз. Осы мұрамызды мақтан тұтамыз және "Цифрлық Қазақстан" мемлекеттік бағдарламасының шеңберінде осы жұмысты жалғастыруға ниеттіміз. Honeywell сараптамасы автоматтандыру мен қауіпсіздік, технологиялық процестерді басқару жүйесі, энергия ресурстары мен энергия тиімділігін басқару саласындағы Қазақстан экономикасының өнеркәсіптік және қалалық секторларының міндеттеріне жауап береді", - деп қорытындылады Гилсдорф.

Іс жүзінде Honeywell Қазақстан мұнай-газ саласының кәсіпорындарымен 40 жылдан астам жұмыс істеп келеді. Honeywell UOP компаниясы Алматыдағы алғашқы кеңсе ашылғанға дейін газ өндіру мен оны қайта өңдеу, мұнайды терең өңдеуге дейінгі түрлі бағыттар бойынша технологияларды жеткізуді бастап кеткен болатын.

Honeywell Қазақстанда ірі халықаралық және жергілікті кәсіпорындардың көптеген жобаларын жүзеге асырды. 2000 жылдан бастап Атырау қаласында операторларды, инженер-технологтарды, жүйелік инженерлерді және басқа да техникалық мамандарды оқытуды және олардың біліктілігін арттыруды жүзеге асыратын Honeywell-дің техникалық және оқу орталығы жұмыс істейді.

Жүзеге асырылған жобалар ішінде "ҚазМұнайГаз", Теңізшевройл, Қарашығанақ Петролиум Оперейтинг, Бузачи Оперейтинг, ҚазТрансОйл, Қазфосфат, Nostrum Oil & Gas, Қазақмыс, ERG кәсіпорындарына арналған мұнай-химия және мұнай өңдеуге арналған технологиялар, өнеркәсіптік автоматтандыру мен қауіпсіздік жобалары бар.

Сонымен қатар, ғимараттар мен құрылыстарға арналған бақылау-басқарудың біріктірілген жүйелері, өрт дабылы жүйелері, бейнебақылау мен күзет жүйелері, электр энергиясын бақылау мен есепке алудың автоматтандырылған жүйелері елдегі бірқатар нысандарға орнатылып, жұмыс істеп тұр. Олардың қатарында Каспий құбыр консорциумы (КТК), Қазақстан Республикасы Парламентінің ғимараттары, Talan Towers, Esentai Tower, Mega Silk Way СОО, Астанадағы Hilton қонақ үйі бар.

Бұдан бөлек, Amway, LAMODA компаниялары, SMALL & Skif сауда желісі және Қазпошта деректерді жинау және жұмыс процестерінің тиімділігін арттыру үшін Honeywell принтерлерін, сканерлерін және ұтқыр компьютерлерін пайдаланады.

Бауыржан Мұқан

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу