Өнеркәсіпті дамыту қорына 352 млрд теңге бөлінбек

7001

5 ірі жобаға 278 млрд теңге қажет. 

Өнеркәсіпті дамыту қорына 352 млрд теңге бөлінбек

Қазастан КАМАЗ-ға 75 мың редуктор сатпақшы, -деп хабарлайды Inbusiness.kz.

Былтыр ғана аты мен заты өзгертілген Өнеркәсіпті дамыту қорына алдағы бес жылда 352,5 млрд теңге бөлу көзделіп отыр. Сенаттың Үкімет сағатында депуттардың сауалына жауап берген Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Бейбіт Атамқұлов осындай мәлімет айтты. 

"2021-2025 жылдарға арналған республикалық бюджетте Өнеркәсіпті дамыту қорына  74,5 млрд теңге қаражат қарастырылған. Оның бәрі қайта өңдеу өнеркәсібіне бағытталады. Экономикалық өсімді қалпына келтірудің кешенді жоспары аясында қосымша 278 млрд теңге бөлу мәселесі пысықталып жатыр. Сол арқылы бес ірі зәкірлі жобаны іске асыру көзделіп отыр. Бұл – Қостанайдағы индустриялық аймақта шойын мен көпір техникасының бөлшектерін құятын зауыт. Өте – жақсы жоба. Соның арқасында стратегиялық серіктесіміз КАМАЗ-ға оффтейк-келісімшарт негізінде 75 мың редуктор жасап сатуды жоспарлап отырмыз. Яғни Қазақстан осы өнімнің жеткізушісіне айналады",– деген министр көптен бері жарнамаланып жүрген Сарандағы жобаға да тоқталды.

"Екінші жоба – Саран қаласындағы дөңгелек зауыты. Кезінде мұнда үлкен кәсіпорын болған. Қарғанды резина техникасы естеріңізде болар. Ғимарат әлі бар, сақтап қалыпты. Бұйырса, биыл ғимаратты жабдықтап бастайтын шығармыз. Татарстанмен бірге жылына 3 млн дөңгелек шығаратын боламыз. Бандаж өндіретін зауыт және бар. Ресеймен бірлесіп Павлодар облысында қолға аламыз. 47 млрд теңге қарастырылған. Келесі жобалар арнайы техниканы лизингтеуге және автобус өндірісін лизигтік қаржыландыруға бағытталған. Елдің автобус паркі 75 пайыз ескіріп отыр. Үнемі жаңалап отыруымыз керек. Қазір өңірлерде автобус сапасына талап күшейіп жатыр. Сондықтан шамамен 4 кәсіпорынды осы бағытта ынталандырып бастадық. Техника сатып алуға лизинг береміз осының бәрі осы қор арқылы іске асады.Барлық жоба бойынша техникалық-экономикалық негіздемесі пысықталып жатыр. Биыл басталады деген үміт бар", – деді Бейбіт Атамқұлов.

Есжан Ботақара
 


Atameken Business Telegram каналына жазылып, маңызды ақпараттардан бірінші болып құлағдар болыңыз ! 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу