"Электр энергиясын тұтыну мен өндірудің болжамды энергия теңгерімін негізге алсақ, таяу уақытта елдің оңтүстігінде ірі қуат көзін салуға көшу қажет", – деді Сәтқалиев.
Бұған дейін энергетика министрі қызметін атқарған Мағзұм Мырзағалиев "Самұрық-Қазына" қоры жанындағы жобалау тобы АЭС құрылысының екі локациясын – Алматы облысындағы Үлкен кенті мен Курчатов қаласын қарастырып жатқанын айтқан болатын. Бірақ түпкілікті шешім әлі қабылданған жоқ және құрылыстың өзі 10 жылға созылуы мүмкін.