Операторларды ауыстырғанмен, жобаның жұмысы жеңілдемейді

13439

Мұнай мен газ қорының мол болғанына қарамастан, Қашаған жобасының күрделі екендігі бірнеше қайтара айтылып келеді. Жоғары қысым мен теңіз суының таяздығы – кез келген төтенше жағдай кезінде қоршаған ортаға зиян келтіретін осал тұс.

Операторларды ауыстырғанмен, жобаның жұмысы жеңілдемейді

Сол себепті, халықаралық консорциумды құрғаннан бергі 23 жыл ішінде оған қатысушылардың құрамы, сондай-ақ жобаның операторы бірнеше рет өзгерді.

Бұл жобадағы тек атышулы орын ауыстыруларға ғана тоқталсақ. Offshore Kazakhstan International Operating Company (OKIOC) халықаралық консорциумы 1998 жылы құрылып, оны басқару желісі жариясыз "Қазақстан Каспий Қайраңы" мемлекеттік компаниясына берілді.

Консорциумды бастапқыда "Agip", "Shell", "ExxonMobil", "Total", "BG", "British Petroleum/Statoil" сияқты компаниялар ұсынған болатын. 1993 жылы бастапқы келісімшарт барлық серіктестің қатысуын тең дәрежеде бөлуді қарастырған еді.

2000 жылы шілде айында соңғы 30 жыл ішінде әлемдегі ірі Каспий теңізінің қазақстандық секторында Қашаған кен орнының ашылуы туралы жарияланғаннан кейін консорциумға жаңа қатысушылар қосылды.

Қашаған жобасынан шыққан "British Petroleum/Statoil" компаниясының орнына америкалық ConocoPhillips және жапониялық Inpex келді. Олар 16 үлесті 67%-ды өзара 33%-дан бөліп алды.

2001 жылы жаңа операциялық компания – Аджип Қазақстан Норт Каспиан Оперейтинг Компани Н.В. (AgipKCO) құрылды. Қашаған кен орнындағы коммерциялық өндіру тура 11 жыл бұрын, яғни, 2005 жылы басталуы керек-тін. Кен орнын айтылған уақыттан кешіктірмей іске қосамыз деп уәде еткен "Eni" италиялық компаниясы Солтүстік-Каспий консорциумының операторы болды.

Көптеген сарапшы италиялық компания Қашағандағы халықаралық консорциумды басқаруға сол кездегі Италия премьер-министрі Романо Продидің арқасында қол жеткізгенін жоққа шығармайды.

Алайда, 2007 жылдың ортасында консорциум операторы Agip KCO компаниясы үкіметті кен орнындағы коммерциялық өндіру мерзімін бастауды 2010 жылдың екінші жартыжылдығына ауыстыру мен жоба бойынша өтелетін шығындарды 57 млрд доллардан 136 млрд долларға дейін арттыру жөнінде хабардар етті.

Қазақстан жақ өтелетін шығынның күрт өсуімен және мұнайды өндірудің мерзімін ауыстырумен келіспейтінін білдіріп, акционерлер алдына жобаға қазақстандық жақтың қатысу үлесін арттыру туралы мәселені қойды.

Осының артынша "ҚазМұнайГаз" Қашаған консорциумымен өзара түсіністік туралы меморандумға қол қойғанын хабарлады. Меморандумда коммерциялық өндіруді кейінге қалдыруды реттеу және шығындарды арттыру мәселелері қарастырылды.

Осы құжатқа сай консорциумның бір мүшесінен (ExxonMobil) басқасының барлығы "ҚазМұнайГаз" ҰК" АҚ үлесін арттыру үшін өз үлестерінің жартысын беру туралы түбегейлі келісімге қол жеткізді.

Сонымен бірге, итальялық Eni компаниясының операторлығына көңілі толмаған үкімет оны ауыстыру туралы мәселені көтерді.

2009 жылы жаңа операциялық компания – North Caspian Operating Company B.V. (NCOC B.V) құрылды. Ол СКӨБК (Солтүстік Каспий жобасының өнімін бөлу жөніндегі келісім) бойынша жобаның ресми операторы болып, бұған дейін Agip КCО атқарған міндеттерді өзіне алды.

Алайда, халықаралық консорциумның жаңа құрылымдағы басшылық франциялық Total компаниясының қолына көшті де, оның өкілі Пьер Оффан консорциумды басқарды.

Консорциумның қатысушылармен болған тағы бір маңызды ауысу –2012 жылдың қарашасында ConocoPhillips америкалық компаниясы Қашағандағы өзінің үлесін сату туралы ниеттерінің бар екенін жария етуге қатысты болды.

Өзінің шешімін жария еткен ConocoPhillips басшылығы үлесін ONGC VideshLimited халықаралық жобаларға басшылық ететін ONGC үнді мемлекеттік мұнай компаниясының еншілесіне сатуға келісіп қойғандығын мәлімдеді.

Бұл келісімнің құны 5,5 млрд долларға бағаланды. Алайда, Қазақстан заңы бойынша келісім қазақ үкіметінің мақұлдауын алуы керек. Өйткені, заң бойынша біздің ел бұл үлесті сатып алуда басым құқыққа ие.

2009 жылдың жазында Қазақстанның мұнай және газ министрлігі бұл үлесті сатып алуға құқы бар екендігін ConocoPhillips компаниясына ескерткенін хабарлады. "ҚазМұнайГаз" (ҚМГ) мемлекеттік компаниясы сатып алушы болатындығы да айтылды.

ҚМГ-ның сол кездегі басшысы Ләззат Қиынов осы ресми хабарламаны жасаудан бір күн бұрын Reuters-ке берген сұхбатында ҚМГ Қашаған жобасындағы өзінің үлесін бірінші қытай компаниясына сататынын, содан кейін ғана ConocoPhillips компаниясының пакетін сатып алатынын айтқан еді.

Осылайша, Қашағанды игеру жобасына Үндістан емес Қытай келді.

Осыдан кейін өндіру мерзімі тағы да бір рет кейінге қалдырылды. Алайда, 2013 жылдың қазанында кен өндіру орнында пайда болған қателік салдарынан кен өндіру тоқтатылып, тағы да операторды ауыстыру туралы шешім қабылданды.

Бұл консорциумдағы міндеттерді жаңадан қайта бөлу керек болды. Жобаға басшылық ету Total компаниясынан ExxonMobil және Shell компанияларына берілді.

2015 жылы North Caspian Operating Company N.B. компаниясы North Caspian Operating Company B.V. (NCOCB.V) және NCPOC құқығын ауыстырып алушы болды.

Қазіргі таңда кен орнын дайындауға әлемдік мұнай-газ индустриясында ең танымал деген компаниялар тартылған. Жобаға қатысу үлесі былайша бөлінген.

"ҚазМұнайГаз" – 16,88%

"ЭксонМобил" – 16,81%

 "Шелл" – 16,81%

"Тоталь" – 16,81%

"Эни" – 16,81%

CNPC – 8,33%

Inpex – 7,56%

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу