Орал қаласында 29 тамыз бен 1 қыркүйек аралығында дзюдодан ересектер арасында Қазақстан Республикасының чемпионаты өтеді, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.
Ел біріншілігіне 17 облыстан 600-ге жуық спортшы қатысады. Байрақты бәсекеде ұлттық құраманың Мағжан Шамшадин, Бауыржан Нарбаев, Данияр Шамшаев, Ғалия Тынбаева, Мәди Амангелді, Дидар Хамза, Аружан Ережепова, Камила Берліқаш және Ақерке Рамазанова сынды өкілдері бақ сынайды.
Чемпионат қорытындысы 2027 жылы халықаралық жарыстарда Қазақстан намысын қорғайтын ұлттық құраманың сапын жасақтауда маңызды рөл атқарады.
Жарыс Оралдағы "Жайық" спорт кешенінде ұйымдастырылады.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу