Шымкенттік "Ордабасы" футбол клубы Қазақстан кубогының финалында Қызылорданың "Қайсар" командасын ірі есеппен жеңіп, турнир жеңімпазы атанды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.
Түркістан қаласындағы "Түркістан Арена" стадионында өткен шешуші кездесу 4:1 есебімен аяқталды.
Матчтағы есепті 7-минутта Сұлтанбек Астанов ашты. Ал 41-минутта норвегиялық Бьорн Йонсен "Ордабасының" басымдығын еселей түсті. Екінші таймда шымкенттік команда шабуылын үдетіп, 60-минутта ганалық Давид Абагна үшінші голды соқты. Араға 11 минут салып, Эльхан Астанов есепті 4:0-ге жеткізді.
Кездесудің 84-минутында "Қайсар" сапынан португалиялық Агостиньо Азеведо бір гол соқты. Алайда бұл қызылордалық команданы жеңілістен құтқара алмады.
Осылайша, "Ордабасы" биылғы маусымда алтын дубль жасап, Қазақстан Премьер-лигасындағы чемпиондық атағына Қазақстан кубогының жеңісін қосты.
Ал Талғат Байсуфинов шәкірттері үшін маусым сәтсіз аяқталды. Қызылордалық клуб чемпионат кестесінде соңғы орын алып, келесі маусымда Бірінші лигада өнер көрсетеді.