"Ордабасы" аутсайдер командадан жеңіліп қалды

327

Қазақстан Премьер-Лигасының 22-тур матчында жезқазғандық "Ұлытау" мен шымкенттік "Ордабасы" кездесті.

"Ордабасы" аутсайдер командадан жеңіліп қалды

Ойын "Металлург" стадионында өтті. Матчты талдықорғандық Сергей Ноженко бастаған төрешілер бригадасы басқарды. Мамандардың пікірінше, фаворит қонақтар болатын. Бірінші тайм тартысты өтті. Қос команда да гол соғатын сәттер жасады. Ал 10-минутта жалғыз голды Дмитро Юсов соқты. Екінші таймда алаң иелері қорғанысқа көбірек көңіл бөліп, қарсыластың бірнеше шабуылынан кейін Зикрилло Султаниязовтан гол жіберіп алды. 
Дегенмен, бірнеше минуттан соң Георгий Бугулов бұрыштан берілген допты баспен соғып, аутсайдерлерге жеңіс сыйлады — 2:1.

Осылайша, "Ұлытаудың" еншісінде 17 ұпай болып, команда турнир кестесінде 12-орынға көтерілді. "Ордабасы" 28 ұпаймен сегізінші орында тұр.

"Ұлытау" — "Ордабасы" 2:1 (1:0)
Голдар: Юсов 10 (1:0), Султаниязов 76 (1:1), Бугулов 79 (2:1)
Орындалмаған пенальти: Молдақараев 90+4 (бағанаға тиді).

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу