Дархан Қызайбаев 1990 жылғы 3 наурызда Алматы облысында дүниеге келген.
2009-2014 жылдары АҚШ-та білім алып, Penn State University университетін "Экономика және халықаралық қатынастар" мамандығы бойынша бакалавр дәрежесімен тәмамдаған.
Еңбек жолында коммерциялық және өндірістік секторларда басшылық қызметтер атқарып, стратегиялық даму мен инвестициялық жобаларды іске асыру бағыттарына жетекшілік еткен.
Сондай-ақ, әр жылдары бірқатар ірі өндірістік және халықаралық компаниялардың басқару органдарына мүше болған. 2016 жылдан бері коммерциялық және өндірістік ұйымдарда басқарушы лауазымдарда қызмет атқарып келеді.
Айта кетейік, бұған дейін "Ордабасы" футбол клубының президенті қызметін Асхат Сейсембек атқарған.