"Ордабасы" Камерун ұлттық құрамасының ойыншысын қатарға қосты

285

Шымкенттің "Ордабасы" футбол клубы 26 жастағы камерундық қорғаушы Ги-Марселин Киламамен келісімшартқа қол қойылғанын ресми түрде жариялады.

"Ордабасы" Камерун ұлттық құрамасының ойыншысын қатарға қосты Фото: amanvibe.kz

Transfermarkt порталы Киламаны 1 млн еуроға бағалайды.

Килама Францияның "Ньор" клубының түлегі. Кәсіби мансабын 2018 жылы Франция Лига 2 чемпионатында бастаған. 2018-2023 жылдар аралығында "Ньор" сапында 110 матч өткізген.

Сонымен қатар, ол Түркияның "Хатайспор" клубында өнер көрсетіп, 81 ойынға қатысты.

2024 жылы Килама Камерун ұлттық құрамасы сапында Африка кубогының іріктеу кезеңінде дебют жасап, 5 матч өткізді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу