"Ордабасы" клубының басшысы ауысады

428

Бұрынғы басшылық әкімдіктің көңілінен шықпады.

"Ордабасы" клубының басшысы ауысады Фото: ФК "Ордабасы"

Бауыржан Абдубаитов пен Ұлықбек Асанбаев басқаратын "Ордабасы" клубы өткен жылы чемпион болды. Бұл өте жақсы көрсеткіш. Алайда, командада еліміздегі ең үздік ойыншылар ойнады. Жоғары деңгейдегі легионерлер доп тепті, деп хабарлайды Inbusiness.kz сайты.

Алайда, команда Конференция лигасының алғашқы айналымында жеңіліп, бірден жарыстан шығып кетті. Қазақстан кубогы сайысында да топ жара алмады. "Ордабасының" өз тарихында чемпион болғаны ғана бұл кісілердің абыройын асырып тұр. Алайда, бұл мамандардың қызметіне үлкен күмән бар.

Клуб директоры Бауыржан Абдубаитов БИИК спорт кешенінің басшысы. Көп командалар сонда жаттығады. "Ордабасы" клубы да осы жерді мекендейді. Яғни, биліктен берілген қаржы жеке меншік иелегіне осылай өтіп кетеді десек артық емес. Ал Ұлықбек Асанбаев елімізге танымал агенттердің бірі. Оның қарамағында "Ордабасыдан" бөлек "Мақтаарал", "Тұран", "Қайсар" секілді клубтар бар. Мысалы, "Қайсар" сапындағы Виталий Приндетте, Степан Сикач, Бақдәулет Зульфикаров — барлығы да Ұлықбек Пахретдинұлының футболшылары.

Ал "Тұран" командасын түгелімен осы маман жасақтаған десек те артық емес. Игорь Бугаев, Ренат Абдуллин секілді мамандарды да Ұлықбек Асанбаев осы клубқа жұмысқа орналастырған. "Мақтарал" сапында өнер көрсеткен Виктор Брага мен Серж Ньюадзи де Асанбаевтың әкеліп берген футболшылары. Екеуі де футбол ойнап қарық қылмады.

Шымкент қаласының әкімі "Ордабасы" клубының президенті қызметіне жаңа маман тағайындау мәселесін қарастырып жатқаны айқын. Баспасөз беттерінде бірнеше кандидаттың есімі жарияланды. Олар: Бағлан Ергешев, Арслан Беспаев, Берік Омарбеков секілді тұлғалар. Алдағы уақытта директоры қызметіне жаңа маман тағайындалып, оның есімі бұқараға жария етіледі.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу