"Ордабасы" өз алаңында "Қайратты" 2:1 есебімен жеңді

368

Осылайша шымкенттік клуб маңызды 3 ұпайды еншілеп, барлығы 28 ұпаймен турнирлік кестеде бірінші орынға шықты.  

"Ордабасы" өз алаңында "Қайратты" 2:1 есебімен жеңді Фото: "Ордабасы" ФК баспасөз қызметі

Футболдан Қазақстан Премьер-лигасының 12-туры "Ордабасы" өз алаңында алматылық "Қайратты" қабылдап, тартысты өткен бәсекеде 2:1 есебімен жеңіске жетті, деп жазады inbusiness.kz сайты.

Ойынды алматылық ұжым белсенді бастады. Алғашқы минуттардан-ақ допқа үстемдік етіп 14-минутта есеп ашты. "Қайраттың" португалиялық шабуылшысы Жоржиньо қақпаны дәл көздеп, қонақтарды алға шығарды.

Алайда алаң иелері тез ес жиды. Дер кезінде қорғаныстағы өз қателіктерін түсігіп, шабуылды үдетті. "Ордабасы" бірінші тайм аяқталғанша таразы басын теңестірді. 28-минутта клубтың камерундық қорғаушысы Ги-Марселин Килама мергендік танытып, есепті 1:1-ге жеткізді.

Екінші таймда шымкенттік ұжымның үздіксіз шабуылдары 64-минутта жемісін берді. Қазақстан ұлттық құрамасының жартылай қорғаушысы Эльхан Астанов "Қайрат" қақпашысы Темірлан Анарбековті қапы қалдырып, маңызды голды соқты.

Бұл "Қайрат" үшін осы маусымдағы алғашқы жеңіліс болды, бұған дейін алматылықтар 18 матч бойы жеңілмеген болатын.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу