"Ордабасы" соңғы минуттарда "Қайраттан" жеңісті жұлып әкетті

794

Қазақстан Премьер-Лигасының 20-туры аясында шымкенттік "Ордабасы" "Қайратты" тізе бүктірді.

"Ордабасы" соңғы минуттарда "Қайраттан" жеңісті жұлып әкетті Фото: kazfootball.kz

Ойын Шымкентте өтіп, 1:0 есебімен аяқталды. Матчтағы жалғыз голды хорватиялық Бернардо Матич соқты. Ал қонақтардың қақпашысы Даниил Устименко екінші таймда пенальти орындады. 48 ұпаймен "Ордабасы" турнир кестесінің көш басында қалса, 32 ұпайы бар алматылық "Қайрат" бесінші сатыға жайғасты. Шымкенттіктер "Қайрат" командасынан бір ойын кем өткізгенін де айта кетейік.

Қазақстан Премьер-лигасының 20-туры аясындағы ойында "Ақтөбе" өз алаңында қостанайлық "Тобылмен" тең ойнады. Рамазан Оразовтың дәл соққысынан кейін бірінші болып қонақтар есеп ашты. Екінші таймда Әлібек Қасым қызыл қағаз алып, алаң иелерін 10 ойыншымен қалдырды. Алайда хорватиялық легионер Андрей Филиповичтің голы "Ақтөбені" жеңілістен құтқарып қалды. Ақтөбелік клуб 40 ұпаймен екінші орынға қайта оралды. Ал "Тобыл" 27 ұпаймен алтыншы орынға көтерілді. Ақтөбелік клуб 40 ұпаймен екінші орынға қайта оралды. Ал "Тобыл" 27 ұпаймен алтыншы орынға көтерілді.

"Астана" Қазақстан Премьер-Лигасының 20-шы турындағы ойында "Қайсармен" тең ойнады, Кездесу елордада өтіп, 1:1 есебімен аяқталды. Екінші таймның соңында қонақтар Тимур Досмағамбетовтың голына Дмитрий Бородиннің пенальтиден соққан дәл соққысымен жауап берді. Енді "Астана" 40 ұпай жинап, турнир кестесінде екінші орынға көтерілді. Ал 25 ұпайы бар "Қайсар" сегізінші орында қалды. Еске салайық, осы аптада Қазақстан чемпиондары болгариялық "Лудогорецтен" (2:1, 1:5) жалпы есепте ұтылып, Еуропа лигасынан шығып қалған болатын.

Премьер-лига командалары арасындағы футболдан Қазақстан чемпионатының матчында "Мақтаарал" ФК "Жетісуды" қабылдап, сенсациялық жеңіске жетті. Оңтүстіктіктер Асхат Балтабековтың автоголың арқасында талдықорғандық клубты жеңді. Нәтижесінде "Мақтарал" 15 ұпай жинап, турнир кестесінде 13-орынға көтерілді. "Жетісу" жеңілістен кейін 24 ұпаймен 9-шы орында қалды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу