"Ордабасы" үшінші кезеңге бір қадам жасады

2847

Шымкенттің "Ордабасы" командасы Еуропа лигасындағы өз ойынын тең өткізіп, келесі кезеңге бір табан жақындады.

"Ордабасы" үшінші кезеңге бір қадам жасады

Қазақстан атынан Еуропа лигасына қатысып жатқан үшінші командамыз үшінші кезеңге өтуге жақын тұр. Шымкенттің командасы алғашқы ойында "Млада Болеслав" командасымен 1:1 тең ойнады. Енді араға апта салып Шымкенттегі жауапты ойында жеңіске жетсе, немесе 0:0 тең ойнаса келесі кезеңге өтеді. Келесі кезеңде Қахабер Цхададзенің командасы Румынияның "Стяуа" командасымен күш сынасады.

Чехияда өткен алғашқы ойында жерлестеріміз бірінші болып есеп ашты. Мирзад Механович қарсылас қақпасын дәл көздеді. Алайда, бірінші тайм аяқталар тұста чех командасының ресейлік легионері Николай Комличенко таразы басын теңестіріп кетті. Дегенмен, екі ойыннан тұратын мұндай текетіресте сырт алаңда тең түсу өте жақсы мүмкіндік деп бағаланады. Отандастарымыз енді жауапты ойында жеңіліп қалмаса немесе 2:2 тең түспесе де жетіп жатыр.

"Млада-Болеслав" (Чехия) - "Ордабасы" (Қазақстан) - 1:1

Голдар: Николай Комличенко 45+2 - Мирзад Механович 21

Ермұхамед МӘУЛЕН

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу