Ордабасыда Орта Азияда теңдесі жоқ ешкі фермасы бар (Видео)

7554

Түркістан облысы Ордабасы ауданындағы шаруа қожалығы бір сәтте жүзге жуық ешкі сауатын робот сатып алған.   

Ордабасыда Орта Азияда теңдесі жоқ ешкі фермасы бар (Видео)

Орта Азия елдерінде теңдесі жоқ роботты ордабасылық шаруалар 380 мың еуроға Италиядан алдырыпты. Ол ешкіні тек қана сауып қоймайды. Арнайы құрылғылар арқылы сауылатын әрбір ешкінің сауу уақытын, желіміндегі сүт көлемін анықтап бере алады екен.

"Біздің шаруашылық республикадағы ең ірі ешкі фермасы. Елімізде тағы 2 өңірде ешкі фермасы бар. Бірақ ондағы роботтар бір сәтте 48 ешкі ғана сауа алады. Сонымен қатар, көрші өзбек еліндегі ең ірі ешкі фермасында да болып қайттық. Онда 8 мың  ешкі бар екен. Алайда  ондағы роботта рда бір мезетте 48 ешкі сауады екен. Яғни  біздің бұл роботпен тең келер құрылғы жоқ", – дейді шаруашылықтың сауда бойынша өкілі Тимур Мұратов.

Видео:

Бұл шаруашылықтағы ешкілер де асыл тұқымды. Олардың әрбірін 480 мың теңгеге Голландиядан сатып алыпты.  Қазірде шаруашылықта 1200 ешкі бар. Оның 380-і сауылады екен. Жуырда шаруашылық басшылығы ешкі сүті өнімдерін өңдейтін цехты іске қоспақ. Сонымен қатар,ешкінің қиынан газ, электр қуатын өндіретін құрылғыны да Қытайдан алдыруды жоспарлап отыр. Өйткені ауданда көгілдір отын мен электр жарығы жетіспеушілігі байқалады екен.

Арай Есенбек

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу