"Ордабасының" Чемпиондар лигасы іріктеу кезеңінде кездесуі мүмкін қарсыластары белгілі болды

125

Олардың қатарында Покатиловтың командасы "Сабах" та бар.

"Ордабасының" Чемпиондар лигасы іріктеу кезеңінде кездесуі мүмкін қарсыластары белгілі болды Фото: liter.kz

Ел чемпионы атанған "Ордабасы" футбол клубы Чемпиондар лигасының іріктеу кезеңінде өнер көрсететіні белгілі. Football Meets Data сайтының мәліметінше, шымкенттік команданың ұпайы аз болғандықтан, жарысты бірінші раундтан бастайды, деп жазады inbusiness.kz сайты 1bol.kz порталына сілтеме жасап.

Дереккөздің жазуынша, "Ордабасының" қазіргі клубтық коэффициенті 4500 ұпайды құрайды.

Осылайша, шымкенттік клубтың кездесуі мүмкін командалардың да тізімі белгілі болып отыр. Олардың қатарында исландиялық "Викингур" (коэффициенті – 14,250), босниялық "Борац" (14,125), әзербайжандық "Сабах" (14,000), молдавалық "Шериф" (13,000), гибралтарлық "Линкольн Ред Импс" (13,500) және румыниялық "Университатя Крайова" (12,000) клубтары бар.

Жеребе тарту рәсімі 2027 жылдың маусым айында болады. Ал, іріктеу кезеңінің алғашқы ойындары шілдеге жоспарланған.

Айта кетейік, "Ордабасы" биыл тарихында екінші рет Қазақстан чемпионы атанды. Чемпионаттың аяқталуына бір тур қалғанда екінші орындағы "Қайрат" "Ақтөбемен" тең ойнап, шымкенттік команданы қуып жету мүмкіндігінен айрылды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу