Ол кезде Кутаисиге қонаққа барған қазақстандық команда футболшыларының дұрыс тынығуына кедергі келтірілді, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.
Еске салайық, бүгін UEFA Конференция лигасының бірінші іріктеу кезеңінің қарымта ойыны өтеді. Ойын алдында Грузияның "Торпедо" командасы орналасқан Шымкенттегі қонақүй маңында түнгі уақытта бірнеше фейерверк атылған. Белгісіз біреулердің іс-әрекеті түнгі 02:00 басталса, 04:00-де тағы қайталанған. Оқиға 17 шілдеге қараған түні тіркелді.
Бұл жағдай әлемдік футбол жанкүйерлеріне етене таныс. Өйткені, бұл футболшылардың тынығуына кедергі келтіреді, ойын алдындағы көңіл-күйіне әсер етеді.
Бір жағынан осыны жанкүйерлер арасындағы "кек қайтару жауабы" деуге болатындай. Себебі, бір апта бұрын да осындай жағдай болған еді. Ол кезде грузин жанкүйерлері "Ордабасы" клубы орналасқан қонақүйдің жанында фейерверк атқылап, ойыншыларға тыныштық бермеді.
Осылайша, алғашқы кездесу 10 шілдеде Грузияда өтіп, "Торпедо" 4:3 есебімен жеңіске жетті. Қарымта матч бүгін сағат 21:00-де Шымкент қаласында өтеді. Ойынды тікелей эфирде Qazsport телеарнасы көрсетеді.