Бұл талап Марк Рютте мен Трамптың Вашингтондағы кездесуінен кейін альянсқа мүше мемлекеттерге жеткізілген.
АҚШ басшысы бұғазды ашу жоспары "апталарға емес, санаулы күндерге" есептелуі тиіс екенін атап өтті. Сонымен қатар ол одақтастардың бұл бағыттағы баяу әрекетіне көңілі толмайтынын білдірген.
Сарапшылардың пікірінше, бұғазды қайта іске қосу аймақта әскери кемелер мен жеке құрамды орналастыруды талап етуі мүмкін. Дегенмен Еуропаның бірқатар елдері бастапқыда мұндай қадамға баруға аса құлық танытпаған.
Кездесу қорытындысы бойынша Марк Рютте Трамптың бұл мәселеге "айтарлықтай разы емес екенін" жеткізді.
НАТО өкілдері де АҚШ-тың Ормуз бұғазында еркін кеме қатынасын қамтамасыз ету үшін нақты міндеттемелер мен нақты іс-қимылдар күтетінін растады.
Айта кетейік, өткен аптада 40-тан астам мемлекет бұғаз арқылы еркін өтуді қамтамасыз етуге бағытталған коалицияға қосылған. Бұл аймақ – әлемдік энергия тасымалы үшін стратегиялық маңызы зор дәліз.
Қазіргі таңда НАТО елдері бұғазды қауіпсіз әрі тиімді жолмен қайта ашу мәселесін жедел түрде талқылауда.