Report-тың жазуынша, Парсы шығанағы аймағында қарулы қақтығыс басталғаннан бері Ормуз бұғазы арқылы өтетін мұнай танкерлерінің саны 90%-ға азайған, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.
Министрдің сөзінше, Ормуз бұғазындағы жағдай халықаралық құқық пен жаһандық азық-түлік қауіпсіздігіне едәуір қауіп төндіреді.
– Биылғы жылдың 28 ақпанынан бастап Ормуз бұғазы арқылы танкерлер тасымалы 90%-дан астамға қысқарды.
Ормуз бұғазындағы дағдарысты шешуде уақыт өте маңызды және оны шешу халықаралық қауымдастықтың шұғыл әрекетін талап етеді, – деді әз-Заяни.
Иран билігі АҚШ, Израиль және операцияны қолдаған басқа елдердің кемелері үшін Ормуз бұғазын жабу туралы шешім қабылданы белгілі. Қақтығыс кезінде бірнеше танкер Тегеранның рұқсатынсыз бұғаздан өтпек болған сәтте шабуылға ұшырады.
Еске салайық, 28 ақпан күні АҚШ пен Израиль Иранға қарсы әскери операция бастаған еді. Сол уақыттан бері Иранның ірі қалалары және астанасы Тегеран да шабуылға тап болды.