АҚШ пен Иранның кесірінен 45 млн адам аштыққа ұшырауы мүмкін

731

Сарапшылар дабыл қағып отыр. 

АҚШ пен Иранның кесірінен 45 млн адам аштыққа ұшырауы мүмкін Фото: nypost.com

БҰҰ Ормуз бұғазының жабылуы салдарынан бірнеше апта ішінде "ауыр гуманитарлық дағдарыс" басталуы мүмкін екенін мәлімдеді, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты BILD-ке сілтеме жасап.

БҰҰ өкілі Жорже Морейра да Силва 45 миллионға дейін адам аштыққа ұшырауы ықтимал деп дабыл қағып отыр. Бұған негізгі себеп – тыңайтқыштар. Олар әлемдік азық-түлік өндірісі үшін аса маңызды рөл атқарады және бұрын теңіз арқылы, соның ішінде Иран бұғаттаған бұғаз арқылы жеткізіліп келген. Тыңайтқыш тапшылығы өнім көлемінің төмендеуіне және азық-түлік бағасының қымбаттауына әкелуі мүмкін.

БҰҰ-ның Азық-түлік және ауыл шаруашылығы ұйымы барлық елді балама сауда бағыттарын табуға, сондай-ақ тыңайтқыш экспортын шектемеуге шақырды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу