Орталық сайлау комиссиясының ашық отырысы өтеді

1584

Мәжіліс пен мәслихат сайлауының күнтізбелік жоспары бекітіледі.  

Орталық сайлау комиссиясының ашық  отырысы өтеді

Бүгін сағат 14:00-де өтетін Орталық сайлау комиссиясының ашық  отырысы Atameken Business телеарнасының тікелей эфирінде көрсетіледі. Отырыста Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың жарлығымен 2021 жылғы 10 қаңтарға тағайындалған Парламент Мәжілісі депуттары мен барлық деңгейдегі мәслихат депутаттарының сайлауына қатысты бірқатар мәселе күн тәртібіне қойылады. 

Атап айтқанда: Партиялық тізім бойынша сайланатын мәжіліс депутаттарының кезекті сайлауын әзірлеу және өткізу жөніндегі негізгі іс-шаралардың күнтізбелік жоспарын бекіту туралы; Қазақстан халқы ассамблеясы атынан сайланатын мәжіліс депутаттарының кезекті сайлауын әзірлеу және өткізу жөніндегі негізгі іс-шаралардың күнтізбелік жоспарын бекіту туралы; Қазақстан Республикасы мәслихаттары депутаттарының кезекті сайлауын тағайындау туралы; Қазақстан Республикасы мәслихаттары депутаттарының кезекті сайлауын әзірлеу және өткізу жөніндегі негізгі іс-шаралардың күнтізбелік жоспарын бекіту туралы; Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің және Қазақстан Республикасы мәслихаттарының депутаттарын сайлау жөніндегі сайлау құжаттарының нысандарын белгілеу туралы сұрақтар талқыланады.

 

Қанат Махамбет 


Atameken Business Telegram каналына жазылып, маңызды ақпараттардан бірінші болып құлағдар болыңыз!

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу