"Осасуна" 15 жылдан кейін "Реалды" тізе бүктірді

131

Испания Ла Лигасында сенсация орын алды. 

"Осасуна" 15 жылдан кейін "Реалды" тізе бүктірді

Испания Ла Лигасының 2025/2026 жылғы маусымындағы 25-тур аясында "Осасуна" мен мадридтік "Реал" командалары арасында матч өтті. Кездесу Испанияның Памплона қаласындағы "Эль-Садар" стадионында ұйымдастырылды. Ойынның бас төрешісі қызметін Уэльва қаласынан келген Алехандро Кинтеро Гонсалес атқарды. Матчта алаң иелері 2:1 есебімен жеңіске жетті.

Кездесудегі алғашқы голды "Осасунаның" шабуылшысы Анте Будимир 38-минутта пенальтиден соқты. 73-минутта "Реалдың" вингері Винисиус Жуниор таразы басын теңестірді. Алайда 90-минутта Раульдің дәл соққысы алаң иелеріне жеңіс сыйлап, ойынның қорытынды есебін 2:1 етіп белгіледі.
Осылайша "Реал" соңғы 15 жылда алғаш рет "Осасунадан" жеңілді. Сондай-ақ мадридтік клуб 12 қаңтарда команданы тізгіндеген Альваро Арбелоаның жетекшілігімен Испания чемпионатындағы алғашқы жеңілісіне ұшырады.

"Осасунамен" өткен ойынға дейін "Реал" чемпионатта қатарынан сегіз жеңіс тіркеген еді. 

25 турдан кейін мадридтік "Реал" 60 ұпай жинап, турнир кестесінде көш бастап тұр. "Осасуна" 33 ұпаймен тоғызыншы орында орналасқан.

Келесі турда "Реал" 2 наурыз күні өз алаңында "Хетафемен" кездессе, "Осасуна" бір күн бұрын сырт алаңда "Валенсияға" қарсы ойнайды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу