Осито есімді ит футбол жұлдызына айналды

503

Футболдан әлем чемпионатында онымен суретке түсу үшін жүздеген адам кезекке тұрады.  

Осито есімді ит футбол жұлдызына айналды Фото: vietnam.vn

Осито есімді ит футболдан әлем чемпионатының жұлдызына айналды, деп жазады inbusiness.kz сайты.

Ол ұлттық құраманың жейдесін, қалпағы мен көзілдірігін киіп алып, қожайынымен бірге Мехиконы велосипедпен шарлап жүр.

Осито түскен бейнежазбалар миллиондаған қаралым жинайды. Сүйкімді ит матчтарға иесімен бірге жүк велосипедімен келеді. Жанкүйерлер оны суретке және бейнежазбаға түсіріп, турнирдегі ең сүйкімді жанкүйерлердің бірі деп атайды.

Иесі Рангелдің айтуынша, ит оның өміріне қиын кезеңде келіп, нағыз қолдаушысына айналған.

"Осито менің өміріме келгенге дейін жануарды сүю дегеннің не екенін білмедім", – деп мойындады ол.

Осито көліктің артқы орындығында отырып, иесі Рангелді сүйемелдеп әлем чемпионаты маусымының ортасында сансыз адамның жүзіне күлкі сыйлайды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу