Өскеменде 80 жастағы әже ерікті болып жүр

2252

Орыс тілді басылым журналистері не туралы жазды. Inbusiness.kz-тің баспасөзге жасалған апталық шолуы. 

Өскеменде 80 жастағы әже ерікті болып жүр

Fergana.agency: Басылым Қазақстанда енгізілген төтенше жағдай мен карантин мемлекет азаматтарының кірісіне қалай әсер еткені жайында жазған. Бұл мақалада автор жұмыс берушілер мен жұмыс істеушілердің бүгінгі жағдайы туралы баяндаған. Сонымен қатар бизнес өкілдерінің пікірін ортаға салған. Қоғамда қалыптасып отырған бүгінгі жағдайға әркім әртүрлі қарайды. Біреулер ертеңгі күнге алаңдаушылық білдірсе, екіншілері бұл қиындықтан да шығамыз деп ойлайды. Сондай азаматтардың қатарында Нұрлан есімді жігіт бар. Ол төрт баланың әкесі. Карантинге дейін дөңгелек жөндеу цехында жұмыс істеген. Наурыздың 22-інен бастап үйінде, жұмыссыз отыр.

"Жұмыс жоқ болса, балаларымды асырай алмай қаламын. Әзірге жейтін тамағымыз бар, бірақ ары қарай не болатынын білмеймін, кредитім бар. Әйелім бала қарап, үйде отырады, сол себептен жұмыссыз. Аман қалсақ болды, қалғанын көрерміз. Бұрынғының адамдары да аман шыққан ғой, бізде аман шығамыз, ең бастысы ауырмау керек. Денсаулық ақшадан қымбат болып тұр ғой", – дейді Нұрлан есімді жігіт.
Сонымен қатар, мақалада мемлекет азаматтарға қолдау көрсету үшін береміз деген 42500 теңге туралы жазылған. Бұл көмекті кім ала алатыны және үкіметтің көмек ережелерін күн сайын қалай өзгертіп отырғанын сипатталған.

express-k.kz: "Бізге келушілер көбейіп жатыр". Белсенділер қайыр сұраушылар көбейеді деп алаңдап отыр", деп жазады басылым. Аталмыш газеттің хабарлауынша, әлсіз топқа кіретін есірткіге тәуелді, үйсіз қалғандар мен көпбалалы аналар, абақтыдан шығып келген азаматтар мен АИТВ инфекциясын жұқтырғандың жағдайы мүлдеп нашарлап кеткен. Олардың жағдайы төтенше жағдай мен карантин енгізбеген күннің өзінде қиын болатын.

"Реванш" атты әлеуметтік қордың еректісі Анна Козлованың айтуынша, әлсіз топ өкілдерінің шешілмеген мәселелері өте көп. Мәселен, қашықтан оқу үшін олардың балаларының компьютерлері жоқ, бар болғанның өзінде Интернетке төлейтін ақшалары жоқ. Ол аз болғандай, соңғы күндері жалдамалы пәтер иелері оларды далаға қуып жатыр.

"Олардың баратын жерлері жоқ. Сол себептен қайыр сұраушылар мен үйсіз қалғандар саны көбеюі мүмкін. Оның үстіне олардың балалары бар ғой. Бұл санитарлық-эпидемиологиялық және қылмыстық жағдайға қалай әсер ететінін болжау қиын емес. Сол себептен жедел түрде осындай азаматтарға арналған уақытша орталық ашу керек шығар, ең болмағанда, карантин кезінде",– дейді Анна Козлова.

time.kz: Өскеменде халыққа көмек көрсетіп жүрген еріктілер арасында  80 жастағы әже бар деп жазады басылым. Әр жастағы, қарапайым азаматтар мұқтаж жандарға қол ұшын созу үшін бірігіп жүр.  "Творим добро" атты қозғалыстың үйлестірушісі Татьяна Беркманың айтуынша, еріктілердің жұмысы көп. Себебі олар алдымен мұқтаж адамдарға керек азық-түлікті алып, оны іріктеуі, сондай-ақ мейірімді жандар берген киімдерді реттеп, оны күтіп отырған адамдарға бөліп апарып беру қажет. Мұндай жұмыстардың көлемі коронавирус індеті шыққалы бері көбейіп кеткен.

"Көбісі түсінбей, еріктіліктің саған пайдасы жоқ, не үшін жасайсын деп сұрайды. Енді біз бірікпесек болмайды ғой. Себебі коронавирусқа дейін жағдайы болғандардың өзі келер күнге қорқынышпен қарап отыр. Бұл жерде енді індеттен бұрын жағдайы нашар болған адамдарды айтудың өзі артық. Олар қайтеді? Бізден көмек сұраушылар көбейіп жатыр", – дейді Татьяна Беркман.

Мұқтаж жандарға көмектесіп жүрген еріктілердің саны бүгінгі таңда 120 адамға жеткен. Бұл айтарлықтай ауқатты емес, бірақ пейлі кең адамдардан тұратын қозғалыс. Еріктілерге ешкім айлық төлемейді, олардың демеушілері де жоқ.

mk-kz.kz: "Туризм Қазақстан қазынасын толтыра ала ма" деп жазады басылым. Мақала авторының пікірінше, туризмді дамыту мәселесі Қазақстанда көп талқыланатын тақырыптардың бірі. Сол себептен бұл тақырып жайында әңгіме де көп, пікірталаста аз емес. Аталмыш мақалада автор туризм саласының дамуына септігін тигізіп отырған және бұл саланың дамуына кедергі келтіріп отырған жайттарды жазған. Оның пікірінше, туризмнің айтарлықтай дамымай отырғанына мемлекеттік шенеуніктер жауапты және өте қонақжай болып саналатын мемлекет халқы кінәлі. Өйткені қонақты құдайындай көретін қазақ өзге елден келген азаматтарға алыстан келген меймандай қарамайды. Барынша оны алдауға тырысады, себебі ол оның жеке басының қонағы болып саналмайды. Сол себептен алдауға, арбауға болады деп ойлайды. Бұл мемлекет азаматтарының туристік мәдениетін көтеру қажет деген сөз.

"2020 жылдың басында үкімет отырысы барысында 2025 жылы жалпы ішкі өнімдегі туризм үлесі 8 %-ға жетуге тиіс деп айтылған болатын. Қазіргі кезде бұл көрсеткіш 1  %-ды құрап отыр. Сол себептен жоғарыда айтылған көрсеткішке жету үшін үкімет Нұр-Сұлтан қаласына келетін туристер санын 1 миллионға, ал елге келушілердің саның 2 миллионға жеткізуді көздеген. Осы мақсатта арнайы қаржы бөлінетіні айтылған болатын.  Алайда қазіргі кезде бөлінуге тиіс ақшаның көлемі айтылмай отыр", –деп жазады мақала авторы.  

Гүлмира Қамзиева

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу