Отандық автоөнеркәсіп өндірісті 6 есеге арттырды

Артур Мискарян Артур Мискарян
3982

Мамыр айы отандық автоөндірушілер үшін табысты болды.

Отандық автоөнеркәсіп өндірісті 6 есеге арттырды

Отандық автоөндірушілер осы жылдың қаңтарынан мамырына дейінгі аралықта жалпы сомасы 43,4 млрд теңге болатын 6950 автокөлік шығарды деп хабарлайды "ҚазАвтоӨнеркәсіп" компаниясы. Осы бес ай ішінде жүк көлігі және коммерциялық техника да шығарылып, былтырғы жылдың осындай кезеңіндегі көрсеткіштен төрт есеге асып түсті.  

Сонымен бірге жеңіл көлік былтырғы жылға қарағанда 6,4 есеге өсіп, бес айда көрсеткіш 6263 болған. Өткен жылдың бес айымен салыстыратын болсақ, автобус техникасын шығару да артқанын көреміз. Бес айда 131(4,5 есе өскен) автобус шығарылған. Ал жүк көлігін шығару былтырғы жылдың қаңтар-мамыр айымен салыстырғанда 30%-ға төмендеп, 380 болған.

ҚАБҚ салалық одақ мәліметіне сүйенер болсақ, 2017 жылдың мамыр айында шығарылған автокөлік саны 1900-ға жеткен, бұл 2016 жылдың мамыр айымен салыстырғанда 6,6 есе көп.

"Мамыр айындағы көрсеткіш жыл басынан бергі тоғыз аймен салыстырғанда ең жақсы көрсеткіш болды. Көлікті өзімізде жасап шығару нарықтың қалыпқа келуі мен сұраныстың өсуіне себеп болып отыр", – деп түсіндірді "ҚазАвтоӨнеркәсіп" Қазақстан автокөлік саласы кәсіпорындары одағы басқармасының төрағасы Олег Алфёров.

ҚАБҚ мәліметі бойынша, ресми диллерлер бес айда 130,2 млрд теңгеге 15707 автокөлік сатқан. Мамыр айындағы сауда 3689 көлік сатылған сәуір айымен салыстырғанда 5%-ға өсіп, экспортқа шығарылғанды қоса алғанда 3868 автокөлік қыр асқан. Ресейдегі бес айда сатылған автокөлік 124990 болған, бұл көрсеткіш былтырғы жылмен салыстырғанда 14,7%-ға артық. Бірақ Ресейде мамыр айында сатылған автокөлік сәуірмен салыстырғанда 3,5%-ға төмендеген деп көрсетілген еуропалық бизнес қауымдастығы мәліметінде.

ҚАБҚ мәліметіне қарасақ, Қазақстанда соңғы бес айда жол талғамайтын көліктер жақсы сатылып жалпы сауданың 41%-ын (6369 көлік, ақшамен санасақ 69,8 млрд теңге) құраған. Ал жыл басынан бері 6354 седан көлігі сатылған (35,03 млрд теңге). Алайда бұл көрсеткіш былтырғы жылы 9373 болған. Мамыр айындағы саудадағы импорттың үлесі жалпы сауданың 63,6%-ын (сәуір айында  65,7%) құрады, оның ішінде автокөліктердің отандық жинау үлесі  мамыр айында 36,4% (сәуір айында 34,3%)  болды.

"ҚазАвтоӨнеркәсіптің" есептеуінше, жыл басынан бері отандық автокөлік 5323-і (жалпы сауданың 38,2%-ы)  сатылған. Ал мамыр айында отандық автозауыттар саудасының үлесі 37,3% болған. Жыл басынан бергі берілген жеңілдетілген несие үлесі 11,5% болып, 543 автокөлік сатылған. Бес айдың қорытындысы бойынша автокөлік саласы кәсіпорындарының ЖІӨ-ге қосқан үлесі 43,4 млрд теңге болған. Осы саладағы кәсіпорындардың негізгі капиталына салынған инвестиция былтырғы жылғы 184 млн теңге болса, осы жылдың қаңтар-мамыр айының қорытындысы бойынша 3 млрд теңгеге жеткен.

Гүлназ Ермағанбетова, Артур Мискарян
 

 

Telegram
ПОДПИСЫВАЙТЕСЬ НА НАС В TELEGRAM Узнавайте о новостях первыми
Подписаться