Отандық клубтың басты ойыншылары командадан жаппай кетіп жатыр

Тіпті, бас бапкері де басқа клубқа ауысуы мүмкін. 

Отандық клубтың басты ойыншылары командадан жаппай кетіп жатыр Фото: Қайсар ФК

"Қайсардың" 4 футболшысының басқа клубтармен келіссөз жүргізіп жатқаны белгілі болды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

AmanVibe телеграм арнасы сырбойылық ұжымның көшбасшы ойыншысы Айбар Жақсылықовтың клубтан кететінін мәлім етті. 24 жастағы футболшының нақты қай командаға ауысатыны белгісіз.

Өткен маусымда отандық ойыншыларға иек артқан "Қайсармен" одан өзге Айбол Әбікен, Әділет Кеңесбек және команда капитаны Думан Нәрзілдаевтың да қоштасқаны жайлы деректер бар. Себебі, футболшылардың келісімшарты 31 қазанда аяқталған.

Осыған дейін команданың бас бапкері Виктор Кумыков та көпшілікті осы жайттан хабардар етті. 

– Қызылордалық клубпен келісімшартым 31 қазанда аяқталды. 1 қарашадан бастап футболшылар айтқандай, мен еркін агентпін. Қазір клубтан келісімді ұзарту туралы ұсыныс түскен жоқ. Бірақ жақын күндері клуб басшылығымен және облыстық спорт басқармасымен кездесіп, болашақ жоспарды талқылаймыз деп келістік.

Жасырмаймын, басқа командалардан да ұсыныстар бар. Қазақстаннан да, Өзбекстаннан да. Бірақ, бірінші орында – "Қайсар". Дегенмен бәрі жаңа басшылықтың шешіміне байланысты, – дейді Виктор Кумыков KFF League сайтына берген сұхбатында. 

Жуырда ғана "Қайсардың" жекеменшікке өткенін жаздық.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу