"Отбасы банк" баспана бағасы мен халық табысының арақатынасын реттеуді көздеп отыр

590

"Отбасы банк" ипотеканы ұзақ мерзімді қаржыландырудың жаңа жолдарын қарастырып жатыр, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

"Отбасы банк" баспана бағасы мен халық табысының арақатынасын реттеуді көздеп отыр Фото: YouTube

Қазақстанда тұрғын үй бағасының өсуі мен халық табысының арасындағы алшақтықты азайту мақсатында ипотеканы ұзақ мерзімге қаржыландырудың жаңа тетіктері әзірленуі мүмкін. Бұл туралы "Отбасы банк" АҚ басқарма төрайымы Ләззат Ибрагимова Астанада өткен сарапшылық жиында мәлімдеді.

Оның айтуынша, қазіргі уақытта банк клиенттерін толғандыратын негізгі мәселелердің бірі – баспана бағасының қымбаттауы мен отбасы кірісінің өсу қарқыны арасындағы сәйкессіздік.

Ләззат Ибрагимова бұл мәселені шешу үшін құрылыс саласының өкілдерімен бірлескен талқылаулар өткізуді жоспарлап отырғандарын жеткізді. Кездесулерде 2027–2028 жылдарға арналған ұзақ мерзімді қаржыландыру тетіктері қарастырылмақ.

Банк басшысы жаңа механизмдерді әзірлеу барысында азаматтардың тұрғын үй сатып алуға қаражат жинау мүмкіндігі мен болашақтағы пәтер бағасын қатар ескеру қажеттігін атап өтті.

Оның сөзінше, бұл ретте құрылыс компанияларының қауымдастығы және Қазақстан құрылысшылар одағымен бірлесіп жұмыс істеу көзделіп отыр.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу