"Отбасы банк" ипотекаға алынатын панельді үйлерге қатысты талапты жеңілдетті

498

Жаңа талапқа сәйкес, 1966 жылдан бері салынған панельді үйлердегі пәтерлер де банк талаптарына сай келеді.  

"Отбасы банк" ипотекаға алынатын панельді үйлерге қатысты талапты жеңілдетті Фото: ЖИ

"Отбасы банк" ипотека рәсімдеу кезінде кепілге қабылданатын тұрғын үйге қойылатын талаптарды жеңілдетіп, панельді үйлердің пайдалану мерзіміне қатысты шектеуді ұлғайтты, деп жазады inbusiness.kz сайты.

Енді бетон және керамзитбетон негізіндегі панельдерден салынған, пайдалануға берілгеніне 60 жылдан аспаған тұрғын үйлер кепіл ретінде қабылданатын болды.

Бұған дейін "Отбасы банк" панельді үйлердің пайдалану мерзімі 50 жылдан аспаған жағдайда ғана ипотека беретін.

Сонымен қатар банк алғаш рет SIP-панельдерден салынған жеке тұрғын үйлерді кепілге қабылдай бастады. Алайда мұндай үйлерге бірқатар талап қойылады. Атап айтқанда, олардың пайдалануға берілгеніне 5 жылдан аспауы, сертификатталған материалдардан салынуы, іргетасы берік болуы, ішкі және сыртқы әрлеу жұмыстары толық аяқталуы және барлық инженерлік коммуникацияларға қосылуы тиіс.

Сарапшылардың пікірінше, енгізілген өзгерістер қайталама тұрғын үй нарығындағы ипотека арқылы сатып алуға болатын баспаналардың санын көбейтіп, азаматтардың таңдау мүмкіндігін кеңейтеді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу