"Отбасы банкіндегі" депозиттер бойынша сыйақыны алып тастауы мүмкін

Жыл сайынғы сыйақы көлемі 60 млрд теңгеден асты, үкіметтегілер бұл бюджетке айтарлықтай салмақ салуда деп есептейді. 

"Отбасы банкіндегі" депозиттер бойынша сыйақыны алып тастауы мүмкін

Экономика министрлігі талқылауға "Қазақстан Республикасындағы тұрғын үй құрылыс жинақтары туралы" Қазақстан Республикасының 2000 жылғы 7 желтоқсандағы Заңына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы заң жобасын ұсынды, деп жазды inbusiness.kz.

Заң жобасын талқылау 15 наурызға дейін жалғасады, оған дейін әрбір қазақстандық белгілі бір ұсыныстарға дауыс бере алады. 

Экономика министрлігінің түсініктемесіне сүйенсек, "Отбасы банкінің" негізгі міндеті халықтың тұрғын үй құрылыс жинақтары жүйесіне қолжетімділігін қамтамасыз ету және тұрғын үй жағдайын жақсарту бойынша банктік қызметтерді көрсету болып табылады. 

Бұл ретте Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі қаржы институты төмен пайыздық мөлшерлемемен несие алу үшін салымдарды жинақтауға негізделген тұрғын үй құрылысын қаржыландыру механизмі екенін еске салады.

Осылайша, "Отбасы банкі" АҚ сыйақысы 3 жылдан кем емес мерзімге жинақталған депозиттерге беріледі. Осы аралықта қаржысын шешіп алмаған салымшылар тұрғын үй заемдарын жылдық 3,5%-дан 5%-ға дейінгі аралықта рәсімдей алады. 

Халықтың салымдары меншік нысанына қарамастан мемлекет сыйлықақысымен ынталандырылады. Яғни оның көлемі депозит сомасының 20%-ы есебінде, бірақ салымның ең жоғары мөлшері 200 АЕК-ке дейін беріледі. 

2022 жылғы 18 ақпандағы жағдай бойынша банк салымшыларының саны шамамен 2,25 млн адамды құрайды. Олардың жылдық өсімі шамамен 20%-ды құрайды. 2021 жылдың қорытындысы бойынша 61,6 млрд теңгеден астам (1,7 млн салымшы) мемлекеттік сыйақы төленді. 

"Салымшылардың жыл сайынғы өсуін және бөлінген бюджет қаражатының көлемін, сондай-ақ мемлекеттік бюджеттің мүмкіндіктерін ескере отырып, біз "Отбасы банкі" салымшыларына мемлекеттік сыйақыны есептеуді алып тастауды жөн деп санаймыз", – деп хабарлады Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі.

Алайда Ұлттық экономика министрлігі бұл ұсынысты қолдамады.  

"Биылғы жылдың 1 наурызында "Отбасы банкі" АҚ депозиттері бойынша мемлекеттік сыйлықақыларды есептеуді алып тастау туралы түзетулерді енгізу туралы ИИДМ ұсынысы Ұлттық экономика министрлігінде қаралды. Биылғы жылдың 2 наурызында мүдделі мемлекеттік органдармен талқылау қорытындысы бойынша , бұл түзету заң жобасынан алынып тасталды", – деп жауап берді ҰЭМ inbusiness.kz тілшісіне. 

Құралай Құдайберген

Telegram
ПОДПИСЫВАЙТЕСЬ НА НАС В TELEGRAM Узнавайте о новостях первыми
Подписаться