Отбасылық-тұрмыстық зорлық-зомбылықтан жапа шеккендер көрген қорлығын жариялағысы келмейді – Алексей Милюк

1563

Соңғы 6 айда отбасылық-тұрмыстық құқық бұзушылық көрсеткіші 8% -ға төмендеді.  

Отбасылық-тұрмыстық зорлық-зомбылықтан жапа шеккендер көрген қорлығын жариялағысы келмейді – Алексей Милюк

Ішкі істер министрлігі әкімшілік полиция комитеті төрағасының орынбасары Алексей Милюк осылай мәлімдеді, деп хабарлайды inbusiness.kz.

"Жалпы қылмыс құрылымында отбасылық-тұрмыстық құқық бұзушылықтың үлесі жоғары емес. Бұл көрсеткіш 0,7%-ды құрайды. Алайда тұрмыстық зорлық-зомбылық жасырын сипатқа ие. Отбасылық-тұрмыстық зорлық-зомбылықтан жапа шеккендер көрген қорлығын жариялағысы келмейді. Олар көбінесе полицияға шағымданбайды", – деді Алексей Милюк.

Оның айтуынша, отбасылық-тұрмыстық зорлық-зомбылықты көбінесе 
мас адамдар жасайды. Олардың 80% ға жуығының тұрақты жұмысы болмайды. 

"Тұрмыстық зорлық-зомбылыққа қарсы күрестің күштік әдісін белсенді қолдану отбасылық қатынастағы шиеленіс деңгейін арттыруға және  ажырасу көрсеткішінің жоғарылауына ықпал етеді. Бір 1-4 жыл аралығында ғана некеде тұрғандардың саны 14 700 адамды құрап отыр. Былтыр 2 300 жұп 1 жыл тұрмай ажырасып кеткен. Мұндай жағдай толық емес және аз қамтылған отбасы санын арттырып, алимент төлемеу сияқты әлеуметтік мәселе туындатады. Министрлік халықтың әлеуметтік-экономикалық мәселесін шешуге бағытталған репрессиялық бағыттағы шараларды өзгерту бойынша белсенді жұмыс атқарып жатыр. Біздің ойымызша, құқық бұзушылармен де, зорлық-зомбылық құрбандарымен де кешенді оңалту және психо-түзету жұмысын жандандыру қажет", – деді Алексей Милюк.

Қанат Махамбет 
 


Atameken Business Telegram каналына жазылып, маңызды ақпараттардан бірінші болып құлағдар болыңыз ! 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу