Өзбекстан футболшысы Шомуродовтың голы әлем чемпионатындағы ең үздік атанды

132

Конго DR қақпасына соққан добы ФИФА ұйымдастырған дауыс беруде 36% жинады.  

Өзбекстан футболшысы Шомуродовтың голы әлем чемпионатындағы ең үздік атанды Фото: sport-express.ru

Өзбекстан құрамасының шабуылшысы Элдор Шомуродовтың Конго Демократиялық Республикасына қарсы матчта соққан голы үздік деп танылды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

ФИФА-ның ресми сайтының хабарлауынша, 2026 жылғы футболдан әлем чемпионатының топтық кезеңіндегі ең үздік голды өзбек футболшысы соққан.

Шомуродов К тобындағы үшінші тур матчында есепті 10-минутта ашты. Ол Ақмал Мозговойдың пасынан кейін өткір бұрыштан қақпашы Лионель Мпаси-Нзоны алдап өтіп, әдемі гол соқты.

ФИФА ұйымдастырған дауыс беруде бұл гол 36% дауыс жинап, бірінші орынға шықты. Екінші орынға Марокко қақпасына гол соққан Гаити шабуылшысы Вильсон Изидор ие болып, 26,5% дауыс жинады.

2026 жылғы әлем чемпионаты АҚШ, Канада және Мексикада 11 маусым мен 19 шілде аралығында өтуде.

Өзбекстан құрамасы, турнирді топтық кезеңде аяқтап, Орталық Азиядан Әлем Кубогына қатысқан алғашқы ел болып тарихта қалды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу