Өзбекстан ұлттық құрамасы Солтүстік Америкадағы алғашқы жолдастық кездесуін өткізіп, Канада құрамасынан жеңіліс тапты, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.
Эдмонтон қаласында өткен матчта алаң иелері 2:0 есебімен басым түсті. Кездесудің алғашқы таймында есеп ашылмағанымен, екінші кезеңде канадалық футболшылар екі мәрте мергендік танытты.
Матчтағы алғашқы голды 58-минутта Осорно соқса, Нельсон қосымша уақытта командасының басымдығын еселей түсті.
Осылайша, Өзбекстан құрамасы жолдастық кездесуді жеңіліспен аяқтады.
Айта кетейік, өзбекстандық футболшылар 5 маусым күні Нью-Йоркте Нидерланды құрамасына қарсы тағы бір жолдастық матч өткізеді.