Өзбекстан құрамасы Нидерландтан жеңілді

266

Әлем чемпионатына дайындық аясындағы жолдастық кездесуде есеп 2:1 болды.  

Өзбекстан құрамасы Нидерландтан жеңілді Фото: Prosports.kz

2026 жылғы футболдан әлем чемпионатына дайындық аясында Нидерланды мен Өзбекстан құрамалары жолдастық матч өткізді, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Тартысты өткен кездесуде Нидерланды құрамасы 2:1 есебімен жеңіске жетті. Матчта нидерландтықтардың шабуылшысы Коди Гакпо 32 және 98-минуттарда мергендік танытса, Өзбекстан сапынан Игорь Сергеев 90+2-минутта гол соқты.

Айта кетейік, Өзбекстан құрамасы өз тарихында алғаш рет әлем чемпионатының финалдық кезеңіне жолдама алды. Фабио Каннаваро жаттықтыратын команда 2026 жылғы әлем чемпионатында K тобында Португалия, Колумбия және Конго Демократиялық Республикасы құрамаларымен бақ сынайды.

Ал Нидерланды құрамасы F тобында Жапония, Швеция және Тунис командаларымен кездеседі. Екі құрама да әлемдік дода қарсаңында дайындықтарын жалғастырып жатыр.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу