26 жастағы вингер бұған дейін де шымкенттік клубта 2023 жылдың қаңтарынан 2025 жылдың ақпанына дейін ойнаған. Осы кезеңде ол "Ордабасымен" бірге Қазақстан кубогы мен чемпионатын жеңіп алды.
Ағымдағы маусымды ол "Тұран" сапында бастап, бес матч өткізіп, бір гол соқты. Жазғы трансфер кезінде өзбек жартылай қорғаушысы түркістандық клубтан кетті. Сондай-ақ, Умаров мансабында АГМК, "Энергетик-БГУ" және БАТЭ клубтарында ойнаған. Айта кетейік, футболшы Өзбекстан премьер-лигасының командасына ауысуға жақын болған еді. Алайда ол Қазақстанда қалып, шымкенттік клубқа оралуды жөн көрді.
Биылғы маусымда ойыншы 11 матчта (ҚПЛ және Кубок) алаңға шығып, бір гол соғып, үш нәтижелі пас берді.
Қазіргі таңда оның трансферлік құны 400 мың еуро (251,8 миллион теңге) деп бағалануда.