Өзбекстан мен Тәжікстан Қазақстанды айналып өтетін жолды іске қосады

1053

Бұл жүк тасымалымен байланысты. 

Өзбекстан мен Тәжікстан Қазақстанды айналып өтетін жолды іске қосады Фото: vokrugsveta.ru

Өзбекстан мен Тәжікстан халықаралық мультимодальды дәлізді пайдалану бойынша пилоттық жобаны іске қосады. Тиісті ақпарат ТМД атқару комитетінің ресми сайтында пайда болды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Аталған екі ел бірлесіп Қытай – Тәжікстан – Өзбекстан – Түрікменстан – Иран – Түркия – Еуропа бағытындағы мультимодальды дәлізді пайдалану бойынша пилоттық жобаны іске қосады. Жоба бойынша толық тиелген 10 жүк көлігінен тұратын керуен Өзбекстаннан Тәжікстан арқылы Қытайға барады.

Жүк тасымалдау бойынша рұқсаттар электронды форматта берілмек.

Бұдан басқа Өзбекстан мен Тәжікстанның шекарасында Самарқанд облысының Ургут ауданында орналасқан "Джартепа – Саразм" шекара өткелінің өткізу қабілетін арттыру көзделген. Онда тәулігіне 100 жүк көлігіне дейін қызмет көрсететін, құжаттарды жылдам рәсімдейтін жаңа логистикалық орталық пайда болады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу