Өзбекстан обаға қарсы дайындықты бастап кетті

749

Бұл туралы Санитарлық-эпидемиологиялық және қоғамдық денсаулық сақтау комитеті төрағасының бірінші орынбасары Нурмат Атабеков хабарлады.  

Өзбекстан обаға қарсы дайындықты бастап кетті Фото: ЖИ көмегімен жасалды

Оның сөзінше, Өзбекстандағы обаға қатысты жағдай бақылауда, деп жазады inbusiness.kz сайты.

Ташкентте жұқпалы аурулар ауруханаларының бірінде обаны анықтауға арналған зертхана қатаң режимде дайындалып жатыр. Медициналық мекемеде науқастарды орналастыру үшін төсек-орындар әзірленген.

Сондай-ақ, Өзбекстанның халықаралық әуежайларында, теміржол вокзалдары мен мемлекеттік шекарадан өтетін автожолдарында 53 санитариялық-бақылау пункті жұмыс істейді.

Қауіпті инфекцияларды анықтайтын зертханалар қажетті диагностикалық құралдармен қамтамасыз етілді.

"Еліміздегі обаға қатысты жағдай тұрақты және алаңдауға еш негіз жоқ", – деді Атабеков.

Оба – бактериялар қоздыратын аса қауіпті жұқпалы ауру. Бұл аурудың табиғи ошақтары әлемнің белгілі бір аймақтарында кездеседі.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу