Осы сөзі арқылы ол АҚШ-тың Таяу Шығыстағы әрекеттерін де айыптады, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.
Бұған жауап ретінде Дональд Трамп Рим Папасының сыртқы саясаттағы ұстанымы қорқынышты екенін ескертіп, өзін тағы да Иса Мәсіхтің бейнесінде көрсетті. Пентагон өкілдері мұнан да асып түсіп, Папаны ұрлап кету қаупі барын меңзеген-ді. Осыдан соң Ватикан Левтің биыл АҚШ-қа жоспарланған сапарын тоқтатуға мәжбүр болды. Қазір Трампқа "Құдайға тіл тигізді" деген айып тағылып, оның ақыл-ой қабілетіне қатысты сын да жиілеп келеді. Мұндай пікір тіпті өз жақтастарының арасында да бар.
Pew Research Center Трамп католик сайлаушылардың қолдауынан айырылып жатқанын жазады. Бұған дейін олардың 55%-ы АҚШ көшбасшысына дауыс берсе, қазір қолдау деңгейі шамамен 46%-ға дейін түскен.
– Трамптың мінез-құлқы оны жылдар бойы қолдап келген адамдарды ыңғайсыз жағдайға қалдырып отыр, – дейді АҚШ-тағы ықпалды консервативті пікір иелерінің бірі Эрик Эриксон.
Бұл үрдіс қараша айындағы Конгреске өтетін аралық сайлауда оңшыл электораттың едәуір бөлігі Трампқа қарсы шығуы мүмкін екенін аңғартады. Егер республикашылдар жеңіліс тапса, президент өз ықпалының бір бөлігінен айырылуы ықтимал.
– Трамп бірнеше рет құдіреті шексіз билеушілерге тәнті екенін және Американы да солай басқарғысы келетінін айтқан. Бірақ адам өзін Құдайдың орнына қоюға тырысқан жерде шекке тіреледі. Өйткені, қалай десек те, Құдай жалғыз болуы тиіс, – деп түйіндейді BILD басылымына берген пікірінде католик теологы Александр Гёрлах.