Палуан Бағдат Сабаз U23 әлем чемпионын ұтып, келесі кезеңге шықты

150

Бұл туралы ҚР Туризм және спорт министрлігі Спортты дамыту дирекциясының баспасөз қызметі хабарлады.

Палуан Бағдат Сабаз U23 әлем чемпионын ұтып, келесі кезеңге шықты Фото: Спортты дамыту дирекциясының баспасөз қызметі

Астана қаласындағы "Барыс Арена" спорт кешенінде грек-рим күресінен әлем чемпионатының 3-жарыс күні басталды, деп жазады inbusiness.kz сайты.

Отандасымыз Бағдат Сабаз (-67 келі) іріктеуде Азия чемпионы, U23 әлем чемпионы Раззак Бишекеевті (Қырғызстан) жеңіп, 1/8 айналымға жолдама алды. Енді Бағдат болгариялық Абу Муслим Амаевпен күш сынасады.

Өкінішке қарай, іріктеуде Мейрамбек Айнағұлов (-63 келі) Украина өкілі Максим Люден жеңіліп қалды.

Ал аса ауыр салмақтағы Олжас Сырлыбай жұбаныш белдесуде қытайлық палуан Уинхао Джиангтан 2-0 есебімен жеңілді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу