Папа "тирандар" туралы сөзі Трампқа арналмағанын мәлімдеді

173

Рим папасы Лев XIV "соғыстарға миллиардтаған қаржы жұмсайтын тирандар" туралы айтқан сөзінің АҚШ президентіне бағытталмағанын мәлімдеді.

Папа "тирандар" туралы сөзі Трампқа арналмағанын мәлімдеді Фото: bbc.com

Понтификтің айтуынша, бұл сөз екі апта бұрын, яғни "президент мен туралы пікір білдірмей тұрып әлдеқайда ертерек" дайындалған. Бұл туралы ол Анголаға ұшып бара жатқан кезде журналистерге берген сұхбатында айтты, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты BBC басылымына сілтеме жасап.

"Соған қарамастан, көпшілік бұл сөзімді президентпен қайтадан пікірталас бастау әрекеті ретінде қабылдады. Алайда менде ондай ниет болған жоқ", – деді Папа.

18 сәуірде Лев XIV Африкадағы 11 қаланы қамтитын сапары аясында Анголада болды.

Бейсенбі күні Камерунда сөйлеген сөзінде Папа "миллиардтаған қаржыны өлтіру мен қиратуға жұмсап, ал емдеу, білім беру және қалпына келтіруге қажетті ресурстарды таба алмай отырған көшбасшыларды" сынға алған еді.

Осы сөздерден кейін көпшілік оны АҚШ президенті Дональд Трампқа бағытталған деп түсінді. Бұған дейін Трамп Папаны "қылмыс мәселесінде әлсіз және сыртқы саясатта тиімсіз" деп сынаған болатын. Ал Папа бұған дейін Трамптың 8 сәуір кешінде Иран өркениеті жойылуы мүмкін деген мәлімдемесін сынға алған еді. 

Осыған байланысты Папаның Камерундағы сөзі Трампқа жауап ретінде қабылданды. Ал Трамп өз кезегінде:

"Папа не айтқысы келсе, соны айта алады. Мен де оның еркін сөйлегенін қалаймын, бірақ онымен келіспеуім мүмкін", – деп жауап берді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу