Паралимпиада чемпионы Ербол Хамитов пара джиу-джитсудан әлем чемпионы атанды

129

Жарыс барысында қара белбеу иелерін де жеңген.

Паралимпиада чемпионы Ербол Хамитов пара джиу-джитсудан әлем чемпионы атанды Фото: ҰОК

Қазақстандық параспортшы Ербол Хамитов Біріккен Араб Әмірліктерінде өткен паралимпиялық джиу-джитсудан әлем чемпионатында алтын медаль жеңіп алды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Парабиатлоннан Қысқы Паралимпиада чемпионы атанған отандасымыз Абу-Дабиде өткен жарыста қарсыластарынан басым түсті. Оның айтуынша, жарыс барысында қара белбеу иелерін де жеңген.

Еске салайық, Ербол Хамитов 2026 жылы Италияда өткен Қысқы Паралимпиада ойындарында парабиатлонның 4,5 шақырымдық із кесу жарысында алтын медаль иеленген.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу